ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГИЗМ КӨРІНІСТЕРІ (БАХТИН КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА)

Автор(лар)

  • Sisenbay A.Zh. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  • Аяпова Г.Б. Х.Досмухаемдов атындағы Атырау университеті https://orcid.org/0000-0001-5546-4513

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.042

Кілт сөздер:

диалогизм, гетероглоссия, қазіргі қазақ прозасы, монолог, полифония, диалогтық талдау, бағалау акценті, дискурстар тоғысы

Аннотация

Асқар Алтай мен Дулат Исабеков прозасындағы диалогизм құбылысы М.М. Бахтин концепциясы аясында қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екі автор мәтіндерінде мағынаның қалай жасалатынын, яғни әртүрлі дауыстардың өзара қатынасы арқылы диалогизмнің қандай тұрақты формалары көрінетінін анықтау. Материал ретінде Асқар Алтай мен Дулат Исабековтің қазіргі қазақ прозасына жататын шығармаларынан іріктелген диалогтық эпизодтар, авторлық баяндау араласқан тұстар, ішкі монолог фрагменттері және дайын тілдік формулалар (мақалға жақын тіркестер, дәстүрлі-діни сөз орамдары, қоғамдық-тарихи атаулар) алынды. Әдіснамада бахтиндік диалогтық талдау қолданылып, мәтіндегі дауыс қатынастары төрт бағыт бойынша жүйеленді: автор сөзі мен кейіпкер сөзінің қабаттасуы (екі дауыстылық), “бөтен сөздің” кірігуі, гетероглоссия (әлеуметтік тіл қабаттарының қатар жүруі), ішкі диалог пен сана диалогы. Нәтижелер Исабеков прозасында авторлық дистанция, жасырын бағалау, ирония арқылы екі қабатты мағынаның жиі туатынын, ал Алтай мәтіндерінде шешуші сәттердегі репликалар мен ішкі диалогтың психологиялық және моральдық тартысты күшейтетінін көрсетті. Екі авторда да “бөтен сөз” мәдени және қоғамдық дауыстарды енгізіп, кейіпкер тілін жеке сөйлеу деңгейінен шығарады, ал гетероглоссия түрлі әлеуметтік тілдердің қатар жүруі арқылы құндылықтар қақтығысын айқындайды. Қорытындыда Бахтин ұғымдары қазіргі қазақ прозасын талдауда тиімді әдістемелік құрал екені және диалогизмнің мәтіндік мағына құраудағы жетекші рөлі дәлелденеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles