ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ БЕЛГІЛЕР МАҒЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТАБУЛАР МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ КОНТЕКСТІК РӨЛІ

Автор(лар)

  • Бауыржан Н.Б. Актюбинский региональный университет им.К.Жубанова
  • Буранкулова Э.Т.
  • Садыкова С.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.005

Кілт сөздер:

табу, эвфемизм, символ, семиотика, моральдық және этикалық кодекс, лингвомәдениет, метафора, сөйлеу этикасы, мәдени уәждеме, корпустық лингвистика

Аннотация

Бұл мақалада қазақ және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі гендерлік табулар мен эвфемизмдердің семиотикалық және коммуникативтік табиғаты салыстырмалы аспектіде қарастырылады. Зерттеу барысында эвфемизмдердің контекстке тәуелді мағына жасаушы семиотикалық механизм екендігі негізделген. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі эвфемизмдердің мағыналық құрылымы олардың қолданылған мәдени-әлеуметтік контекстінде айқындалады. Салыстырмалы талдау нәтижесінде қазақ тіліндегі эвфемизмдер ұжымдық моральды сақтауға, ал ағылшын тілінде жеке автономияны қорғауға бағытталатыны анықталды.

Зерттеудің өзектілігі жаһандану қарқынының артуымен, гендерлік нормалардың трансформациялануымен және мәдениетаралық коммуникациядағы эвфемизмдерді қате интерпретациялау қаупімен түсіндіріледі. Зерттеудің негізгі ғылыми мәселесі эвфемизмдер мен табулардың мағынасы сөздің ішкі семантикасында емес, олардың қолданылатын мәдени-әлеуметтік контекстінде қалыптасу заңдылықтарын және осы үдерістегі гендерлік фактордың рөлін айқындау болып табылады. Зерттеудің мақсаты қазақ және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі табу мен эвфемизмдердің семиотикалық негіздерін анықтап, оларды салыстырмалы түрде талдау болып табылады. Зерттеудің теориялық негізі ретінде халықаралық ғылыми дискурста қалыптасқан семиотикалық және гендерлік-лингвистикалық тұжырымдамалар алынады. Бұл тұжырымдамалар гендерлік тілдік тәжірибені әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қарастыратын қазақ лингвомәдени дәстүрімен байланыстырылады.

Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу сапалы салыстырмалы талдауға негізделеді. Зерттеу барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге, эвфемизмдерге және мәтіндерге семиотикалық, лингвомәдени және дискурстық талдау жасалады. Осы талдау нәтижесінде қазақ тілінде эвфемизмдер ұжымдық мораль мен әлеуметтік иерархияны сақтауға, ал ағылшын тілінде жеке автономия мен коммуникативтік жайлылықты қорғауға бағытталатыны анықталды. Зерттеу эвфемизмді гендерлік қатынастарды кодтайтын динамикалық семиотикалық жүйе ретінде қарастыруды ұсынады.

Зерттеу нәтижелері семиотика мен гендерлік лингвистика салаларының тоғысында тыйым сөздер мен эвфемизмдерді моральдық тәртіпті реттейтін және әртүрлі мәдениеттердегі гендерлік қатынастарды құрылымдайтын динамикалық белгілер жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles