Е.ОМАРҰЛЫНЫҢ «ПІШІНДЕМЕ» ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК НЕГІЗДЕРІ

Автор(лар)

  • Туркбенбаева М.Ж. Мемлекеттік тілді дамыту институты
  • Досмаилова А.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.026

Кілт сөздер:

Е. Омарұлы, «Пішіндеме», қазақ терминологиясы, антроөзектік парадигма, геометриялық терминдер, когнитивті семантика, терминжасам, ұлттық таным

Аннотация

ХХ ғасыр – қазақ ғылыми дискурсының қалыптасу кезеңіндегі ұлттық таным мен еуропалық ғылыми білімнің тоғысқан тұсы. Сол кезеңде Алаш зиялыларының мемлекеттік тілді ғылым саласында қалыптастыру жолындағы ізденістері қазіргі қазақ тіл білімі үшін стратегиялық маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ ғылымының терминологиясын қалыптастырудағы іргелі еңбектің бірі – Е. Омарұлының «Пішіндеме» оқулығы геометриялық терминдер жүйесін жасаудағы қазақ тілінің когнитивтік әлеуетін көрсететін бірден-бір еңбек. Геометриялық абстрактілі ұғымдарды халықтың дүниетанымына сай күнделікті тұрмыстық тәжірибесіндегі бейнелермен сабақтастыру жалаң аударма емес, ғылыми танымды ұлттық кодқа көшірудің процесі. Зерттеудің мақсаты – «Пішіндеме» оқулығындағы геометриялық терминдердің когнитивтік мағыналық құрылымын зерделей отырып, табиғатын, ұлттық уәжділігін және олардың жасалуындағы лингвистикалық тетіктерін айқындау. Зерттеу материалы ретінде Е. Омарұлының «Пішіндеме» (1928) оқулығындағы терминдер алынып, оларды талдауда кешенді лингвистикалық тәсілдер қолданылды. А. Байтұрсынұлының термин жасаудағы 4 қағидатын басшылыққа ала отырып, терминдер сөзжасамның 3 негізгі тәсілі (синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық) арқылы жіктеліп, номинативтік уәжділігі талданды. Сонымен қатар терминдердің номинативтік уәжділігі мен мазмұнын айқындау мақсатында когнитивтік талдау, лингвомәдени интерпретация және дефинициялық пен семантикалық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында автордың құрылымдық сипаттағы абстрактілі геометриялық ұғымдарды ұлттық дүниетаныммен сабақтастыру концепциясы басты назарға алынды. Талдау нәтижесінде бірнеше геометриялық терминдердің, атап айтқанда, «берне», «кіндік», «өріс», «жарма», «керме», «қыйма», «теңқиық», «қостабан» секілді терминдердің геометриялық қызметін ашатын бейнелілік сипаты дәлелденді. Е. Омарұлының шеттілдік терминдерді қазақ тілінің фонетикалық заңдарына бейімдеу (сійнүс, сәнтійметір) және көне түркілік қабаттарды (үшкіл, төрткіл) қайта жандандыру тәжірибесі ғылыми тұрғыдан жүйеленді. Зерттеудің құндылығы Алаш қайраткерлерінің терминологиялық бірізділік пен қолданбалы бағытты ұштастыра білгендігін жаңа парадигма аясында дәлелдеуімен айқындалады. Қорытындылар ұлттық терминжасамды жаңғыртуда, терминологиялық сөздіктерді жетілдіруде және мемлекеттік тілдің ғылыми-интеллектуалдық кеңістігін нығайтуда практикалық маңызға ие.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles