МЕДИАМӘТІНДЕРДЕН ЕНГЕН ШЕТТІЛДІК ЖАҢА СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ҚОЛДАНЫС СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.017Кілт сөздер:
Медиамәтін, бұқаралық коммуникация, неологизмдер, медиалингвистика, сөздік қорАннотация
Мақалада медиамәтіндерден қазіргі кезде үздіксіз еніп жатқан жаңа шеттілдік сөздердің қазақ тіліндегі қолданыс ерекшеліктері туралы сөз етіледі. Тілден тілге сөз алмасу құбылыстары бұрыннан да келе жатқан және қалыптасқан үрдіс. Тілде үнемі сөз ауысу үдерісі тоқтаусыз жүріп жатады. Оған себеп – әр елдің өзара экономикалық, мәдени, әлеуметтік қарым-қатынастарының ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан заңдылығы. Барлық ұлт тілдері бір бірімен сөз алмасу арқылы тілдің сөздік құрамын толықтырады және кірме сөздер арқылы жаңа ұғым пайда болады. Бұқаралық коммуникацияның ерекше белсенділігінің әсерінен қазақ тілінің қооданыс аясы барынша жан-жақты тереңдей түсті. Бұл әсіресе медиамәтіндерден енген шеттілдік жаңа сөздердің қазіпгі қолданыс сипатынан байқалады. Сөздің қор БАҚ арқылы публицистикалық мәтіндер, газет, теле-радио мәтіндері, интернет мәтіндерімен толығуда. Егемен елдің экономикалық-мәдени саясатының бағдарына қарай шеттілдік сөздердің тілімізге ену себебінің алғышарттары жан-жақты бола түсті. Әсіресе, мұндай алғышарттардың біріне халықаралық қатынастар және ұлтаралық қоғамның белсенді түрде дамуы деп атап көрсетуге болады. Оның ішінде:Коммуникативтік байланыстардың жандануы; Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі; Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты; Қоғамның шеттілдік сөздерді қабылдауына дайындығы. Мұндай жағдайда қазақ тіліндегі сөздік қор мен сөздік құрам кез келген терминологиялық салаларда бүкіл қолданыс аясын жеткілікті өз тілінің әлеуетін көрсете алса, сөз жоқ ұлт тілінің ұтқаны. Қазіргі шеттілдік жаңа сөздердің тілдік қолданыста игерілуі үлкен проблема. Себебі шеттілдік жаңа сөздер өзімен бірге жаңа ұғымдарды ала келуі мүмкін немесе қабылдаушы тілде біртектес ұғымды білдіретін сөздермен қатар қолданылып жүр. Ұлт тілінің тазалығы, тіпті ұлттық дискурста сол ұлт тілінің қолданыс өрісінде, түрлі коммуникациялық жағдаяттарда ала шұбар сөздер мен тіркестер қазақ тілінің бүгінгі көрсеткіші сияқты. Шеттілдік сөздердің енуі тілдің экстралингвистикалық яғни сыртқы және тілдің ішкі лингвистикалық сипаттарына байланысты. Алайда шеттілдік жаңа сөздер қабылдаушы тілдің ішкі «иммунитетін», тіпті тілдік тұлғаның әлем суретін қабылдау деңгейін де өзгертетіні байқалады. Мақалада жиналған тілдік фактілер арқылы талданып, дәйектеледі.