ЖИ ҚОЛДАУЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ КӨПТІЛДІ УНИВЕРСИТЕТТІК АУДИТОРИЯЛАРДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ СӨЙЛЕУ ЕРКІНДІГІ МЕН КОГНИТИВТІК ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.034Кілт сөздер:
академиялық дискурс, көптілді коммуникация, ЖИ еркіндігі, когнитивтік тұрақсыздық, спонтанды сөйлеу, дискурс талдауы, кідіріс маркерлері, өзін-өзі түзетуАннотация
Соңғы жылдары цифрлық мәтін генерациялау технологияларының жоғары білім беру кеңістігінде кең таралуы тек ақпарат іздеу тәсілдеріне ғана емес, көптілді аудиториялардағы академиялық өзара әрекет сипатына да ықпал ете бастады. алгоритмдік мәтін өндіру жүйелерінің көмегімен дайындалған жауаптар көбіне еркін, құрылымды әрі академиялық тұрғыдан сенімді болып көрінеді. Алайда олардың астарындағы концептуалдық тұтастық пен мазмұндық тұрақтылық барлық жағдайда бірдей сақтала бермейді. Осы қарама-қайшылық ұсынылып отырған зерттеудің негізгі себептерінің біріне айналды.
Ұсынылып отырғын мақалада көптілді университеттік аудиториялардағы спонтанды өзара әрекет барысында академиялық дискурстың сыртқы еркіндігі мен когнитивтік тұрақтылық арасындағы байланысты қарастыруға бағытталды. Жұмыс «Мәдениет және өнер» факультетінің бірінші курс студенттері арасында В1 деңгейіндегі ағылшын тілі сабақтары барысында жеті апта көлемінде жүргізілді. Зерттеуге қазақ,
орыс және түрікмен тілді академиялық топтар қатысты. Әдіснамалық негіз ретінде аудиториялық бақылау, дискурс талдауы және интеракциялық талдау қолданылды. ЖИ құралдарын пайдалануға тек сабақтың жаңа тақырыппен танысу және ақпарат іздеу кезеңінде ғана рұқсат берілді.
Аудиториялық бақылау нәтижелері автоматтандырылған тілдік құралдардың көмегімен жүргізілген алдын ала дайындық бастапқы жауаптардың құрылымдық ұйымдасуын күшейтіп, сөздік қорды қолдану сенімділігін арттырғанын көрсетті. Дегенмен түсіндіру, нақтылау және аргументативті талқылау спонтанды сипат ала бастаған сәттерде когнитивтік тұрақтылықтың біркелкі сақталмайтыны байқалды. Кідіріс белгілері, өзін-өзі түзету әрекеттері, үнсіз паузалар мен тілдер арасындағы ауысулар әсіресе дербес концептуалдық түсіндіру қажет болған жағдайда жиірек көрінді. Кейбір эпизодтарда тілдік ауысулар академиялық дискурстан ауытқу емес, керісінше, концептуалдық қысым жағдайында мағынаны сақтап қалуға мүмкіндік беретін уақытша когнитивтік тірек ретінде байқалды.
Бұл ғылыми ізденістің ғылыми жаңалығы генеративті платформалар арқылы қалыптасқан академиялық еркіндікті тек тілдік жетістік ретінде емес, спонтанды академиялық өзара әрекет кезінде когнитивтік тұрақсыздықты уақытша жасыра алатын құбылыс ретінде қайта қарастыруымен байланысты.





