М.ӘУЕЗОВТІҢ «ЖЕТІМ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МЕХАНИЗМДЕРІ: «ЖАЛҒЫЗДЫҚ» КОНЦЕПТІ

Автор(лар)

  • Кущанова А.Н. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
  • Төлегенова Г.Ғ.
  • Турлан Ж.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.012

Кілт сөздер:

концепт, лингвомәдени бірліктер, когнитивті лингвистика, әдебиеттану, авторлық концептосфера, антропоөзектік парадигма, лингвомәдени аспект, дүниетаным

Аннотация

Бұл мақалада М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесіндегі «жалғыздық» концепті және оның қалыптасуының когнитивтік механизмдері қарастырылады. Мақаланың негізгі мақсаты – «жалғыздық» концептінің концептуалды-мағыналық құрылымын және оның көркем мәтіндегі көрініс беру ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және әдебиеттану ғылымдарының тоғысында жүргізілді.

Автор концепт ұғымының көпқырлы табиғатын зерттеудің теориялық негізі ретінде ала отырып, «жалғыздық» ұғымының мәнін ұлттық дүниетаным мен мәдени кодтар аясында ашуды мақсат етеді. Зерттеудің әдіснамалық негізін концептуалды талдау, дефинициялық әдіс және интерпретациялық талдау әдістері құрайды. Бұл әдістер М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесіндегі «жалғыздық» концептінің концептуалды өрісінің мағыналық құрылымдарын, концептінің семантикалық өзегін және перифериялық аймақтарын қарастыруға, олардың ішкі мағыналық құрылымы мен мәдени мәнін ашуға мүмкіндік берді.

«Жалғыздық» концептін кешенді талдау жазушының көркемдік әлемі мен авторлық ұстанымын тереңірек сипаттауға жол ашты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесінде «жалғыздық» концепті әлеуметтік әділетсіздікті, жетімдікті, жалғыздық пен дәрменсіздікті бастан кешкен жасөспірімнің ішкі рухани әлемі арқылы репрезентацияланады. Қасым кейіпкерінің тағдыры арқылы «жалғыздық» концепті ұлттық дүниетаныммен, дәстүрлермен және тарихи-мәдени құндылықтармен өзара байланыста көркемдік тұрғыдан бейнеленеді.

Көркем мәтінді концептуалды талдау тіл, мәдениет және әдебиет арасындағы өзара байланысты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ көркем образдар арқылы ұлттық руханият пен дүниетанымды зерттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы концепт ұғымын лингвомәдениеттанымдық аспектіде қарастыру арқылы әдебиеттанудағы концептуалды бағыттың дамуына қосқан үлесімен айқындалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles