ҚАРА ӨЛЕҢДЕРДЕГІ «ӨМІР» КОНЦЕПТІСІНІҢ ФРЕЙМДІК ҚОЛДАНЫСЫ

Автор(лар)

  • А.Т. Испандиярова Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • А.Т. Досова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.009

Кілт сөздер:

казахский фольклор, народные песни, концепт, жизнь, менталитет, фрейм.

Аннотация

Қазіргі таңда қара өлеңдердің тарихы жөнінде монографиялық еңбектер болғанымен, фольклор жанрының танымдық жүйесі жөнінде тіл білімі саласында зерттеулер жүргізілмеген.  Бұл мәселе лингвистердің алдына зор жауапкершілік қойып отыр. Себебі, қара өлеңнің тілінде қазақ халқының дүниетанымы, болмысы, тарихы, тыныс-тіршілігі көрініс тапқан.  Қара өлеңдердің табиғатын анықтап, лингвофольклортанулық аспектісін зерделеу арқылы тіл білімінің жаңа бағыттары: когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану  сияқты ғылымдарға үлес қосуды мақсат етіп отырмыз. Мақаланың негізгі зерттеу нысаны – қара өлеңдер. Мақалада қазақ фольклорының жанры – қара өлеңдердің табиғаты мен құрылысы, жанрлық ерекшелігінің теориялық негіздері баяндалды. Қара өлеңдердің ерекшелігі жайлы теориялық мәліметтерді жинақтау барысында Ақселеу Сейдімбек жіктемесі негізге алынды. Фольклор тілінің, яғни қара өлеңдердің ұлттық танымдық сипаты тұрғысынан зерттеудің маңыздылығы қарастырылды. Тәжірибелік тұрғыда атқарылған басты міндеттердің бірі – қара өлеңдерге концептілік талдау жүргізу. Концептілік талдау барысында «Өмір» концептісінің фреймдік қолданыстары зерделенді. Әрбір фреймдердің мазмұнын ашатын ассоциациялар мен ұғымдар жинақталды. Қорыта келе, жалпы әлемнің тілдік бейнесінде қарастырылатын «өмір» концептісінің қара өлеңдердегі көрінісі арқылы фольклор тілінің әлеуметтік-қоғамдық ерекшеліктері айқындалды. Қазақ халқының ұлттық менталитеті мен ұлттық танымын көрсететін фреймдер талданды. Концептілік талдау қазіргі антропоөзектік парадигма аясында, заманауи сабақтастықта сипатталған. Халық болмысының қайнар көзі іспеттес, тарихи деректерден сыр шертетін қара өлеңдердің мазмұны мен мағынасы зерделенген. Қара өлеңдердің көркемдік ерекшелігі мен поэтикасын негізге ала отырып, концептуалды талдау жүргізілген. Қара өлеңдерді заманауи сабақтастықта салыстыру зерттеудің мақсатын айқындап көрсетеді. 

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи