ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ТІЛДІК САНАСЫНДАҒЫ АНГЛИЦИЗМДЕР: БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАУАШАЛАР (АССОЦИАТИВТІК СӨЗДІК ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША)

Автор(лар)

  • Абаева М.Қ. Институт языкознания имени А.Байтурсынова
  • Хабиева А.А.
  • Исалиева А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.001

Кілт сөздер:

англицизмдер, тілдік сана, ассоциативтік эксперимент, менталды лексикон, лингвоэкология, экологиялық тауаша, кірме сөздердің бейімделуі, қазақ тілі, жастар, тілдік жоспарлау

Аннотация

Цифрландыру мен үштілділік саясаты жағдайында ағылшын-қазақ тілдік байланысының қарқын алуы англицизмдердің тек қолданыста ғана емес, тілдік санада қаншалықты орныққанын анықтауды өзекті етеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілді жастардың менталды лексиконындағы ағылшын тілінен бастау алатын кірме сөздердің (англицизмдердің) көлемін, игерілу жолдарын және лингвоэкологиялық тауашаларын анықтау. Жұмыстың ғылыми маңызы кірме сөздердің бейімделуін талдауды мәтіндік материалдан ассоциативтік-вербалды желіге көшіруінде; практикалық маңызы нәтижелердің терминологиялық жоспарлау мен тіл саясатында қолданылу мүмкіндігінде. Материал ретінде қазақ ассоциативтік сөздігі алынды (1 000 стимул, 556 543 реакция; респонденттер – 17–25 жастағы студенттер). Әдіснама сөзді түпкі шығу тегі бойынша (аралық тілге қарамастан) анықтауды, реакциялар жиілігін санауды, тақырыптық салалар мен ену уақыты бойынша бөлуді және кірме сөз бен қазақ атауының бәсекесін талдауды қамтиды. Барлығы 766 англицизм анықталды; олар респонденттердің жауаптарында 5 952 рет қолданылған, бұл барлық реакциялардың 1,06%-ы. Екі жазу тәсілінің қарама-қарсы құрылымы анықталды: латын графикасындағы қабат әртүрлі сөздердің 83%-ын қамтығанмен, қолданыстардың тек 15%-ын береді; кириллицадағы қабат – керісінше. Орныққан қабаттың 71,7%-ы үш жаңғыру доменінде шоғырланған; стимулдардың 34,3%-ы англицизмдерден мүлдем таза. Бәсекелес жұптарда (ғаламтор – интернет, кәсіпкер – бизнес) жоспарлы термин ассоциативтік тұрғыда кірме сөзге сүйенетіні көрсетілді. Зерттеудің үлесі – англицизмнің тілдік санада игерілуінің екі сатылы моделі және лингвоэкологиялық тауаша ұғымына өлшенетін анықтама беру. Нәтижелер терминографияда, тілдік жоспарлауда және лингводидактикада қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles