ЖАҒЫМСЫЗ ЭМОЦИЯЛАРДЫҢ ТІЛДІК ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІНЕ

Автор(лар)

  • Булегенова И.Б. Евразийский Национальный Университет им. Л.Н.Гумилева
  • Кенжетаева Г.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.003

Кілт сөздер:

жағымсыз эмоция, көркем мәтін, лингвистика, эмоционалды жағдаят, ұлттық құндылық, аффект, сезім

Аннотация

Бұл мақала көркем шығармалар материалдары негізінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі жағымсыз эмоцияларды сипаттаудың тілдік құралдарын зерттеуге арналған. Адамның ішкі әлемі, оның әлемді қабылдауы қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың бірі. Осы тақырыпқа арналған ғылыми жұмыстардың саны күннен күнге артып келеді. Антропоцентрлік парадигма қазіргі лингвистиканың жеке бағытына айналды және оның басты маңызды құрамдас бөлігі – адам болып табылады. Тілдегі адам факторының негізгі компоненті эмоционалды қарым-қатынас болып табылады. Бұл бағыт қазіргі антропологиялық парадигма мәселелерін шешуге белсенді үлес қосуда. Көркем мәтіндерде адам баласының эмоционалды күйлерінің баға жетпес саны жинақталған, себебі олар тілдік құралдар арқылы эмоциялардың стереотиптік үлгісін береді. Жұмыстың өзектілігі бір жағынан адам өміріндегі ұлттық бірегейлікті анықтайтын эмоциялардың маңызды ролімен негізделсе, екінші жағынан, жинақталған мәліметтерді лингвистикалық білімнің жалпы жүйесіне біріктіру мақсатында қарым-қатынас барысындағы эмоциялар мен эмоционалды жағдайды бейнелеу қажеттілігімен байланысты. Мақалада эмоцияның тілдегі алатын ролін сипаттаумен қатар, олардың тілдік құралдар арқылы берілу жолдарын қарастырамыз. Сезім, аффект және эмоция ұғымдарының жігін ашамыз. Зерттеу материалы негізінде қазақ халқының бірегей жазушысы Ә. Нұрпейісовтың және американдық жазушы Т.Драйзердің шығармаларынан теріліп алынған эмоцияларды білдіретін тілдік бірліктері алынды. Жағымсыз эмоцияларды тілдік құралдар арқылы білдіру барысында адамның физиологиялық өзгерістері, яғни дене қимылы, бет әлпетінің түсінің өзгеруі сияқты факторлар да сараланады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи