ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ САРЫН

Автор(лар)

  • Ж. Секей "Alikhan Bokeikhan University" ББМ
  • М. Амангазыкызы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.024

Кілт сөздер:

Жұбан Молдағалиев, азаматтық сарын, лирикалық кейіпкер, пафос, жанр

Аннотация

Бұл мақалада Жұбан Молдағалиевтің поэзиясындағы азаматтық сарын мәселесі қарастырылады. Мақаланың мақсаты – ұлт әдебиетіне қомақты үлес қосқан Жұбан ақынның рухани қорымызды байытқан азаматтық әуен-жырларын заман талабына сай жаңаша зерделеу болып табылады. Ақын өз айналасында болып жатқан өмір көріністеріне қашанда сын көзімен қарап, адами қарым-қатынастар мен әрекеттерді ар-ұждан таразысына салады.

Зерттеудің ғылыми және практикалық мәні бар. Қазақ әдебиетінің тарихы бойынша арнайы курстар мен арнайы семинар сабақтарында пайдалануға болады.

Ж.Молдағалиев өлеңдерінде лирикалық түрлердің (табиғат, махаббат, саяси-әлеуметтік, көңіл-күй, азаматтық) барлығы да бар. Ал оны даралап айтсақ Жұбан ақынның азаматтық лирикаға табиғаты жақын келеді. Өйткені бұл бақытта өз мәнер-машығын айқындаған ақын қоғамдық мәселелерді толғауға ептілігін көрсетіп, алдыңғы толқын ағалардың ізімен поэзиядағы өз жолын қалыптастырған. Ешбір жөнсіз еліктеушілікке ұшырамай, таптауырын жаңашылдыққа да бармай қазақтың қара өлең үлгісімен өз ойын, сезімін, дүниетануын бедерлейтін Жұбан ақынның шығармашылық жолы бұрынғы дәстүрлі ақындармен сабақтасып жатыр. Ақын өлеңдерінде туған жер, мезгіл суреттері, көңіл-күй ырғақтары, сондай-ақ халықтың арманы мен мұңдары толықтай қамтылып кететіндігі оның эпикалық дүниетанымының кеңдігін көрсетеді. «Ат дүбірі», «Жығайын десе мені кім», «Көңіл» өлеңдерінде ұлт перзенті ретінде көкірегіндегі риясыз ой-сезімдері боямасыз шебер суреттелген.

Шынайы ақындық бірбеткей мінезімен, өзіне ғана тән оқшау өлең өрнегімен төл поэзиямызға үн қосқан тұлғалы ақынның өлең-жырларында ақынның азаматтық позициясын айқын бедерлейді. Қазақ поэзиясын зерттеуші ғалымдардың ғылыми ой-тұжырымдарын негізге ала отырып, ақын лирикасының мазмұндық-көркемдік қырларына талдаулар жасалды.

Азаматтық әуен, әлеуметтік тақырыптағы өлеңдерінің шығу арналарына ғылыми-теориялық көзқараспен тоқтала отырып, поэзиялық болмыс-бітімі анықталды. Ақынның азаматтық лирикасының идеялық-көркемдік табиғатын ашу негізінде оның шығармашылық даралық ерекшелігі зерделенді. Ақын лирикасы поэтикалық тұрғыда жан-жақты зерттеліп, ақын стиліне тән мазмұн мен пішін, ой мен сөз бірліктері сияқты идеялық-көркемдік ерекшеліктер екшеліп, тұжырымдалды. «Мен қазақпын» поэмасының жанрлық сипаты, тақырыптық аясы, көркемдік-эстетикалық қуаты т.б. мәселелерді қарастыру ақынның эпикалық құлашын бағамдап, тиісті бағасын беруге қызмет ететіндігі нақты мысалдар арқылы дәйектелді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи