САЯСИ МЕДИАДИСКУРС ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТТАҒЫ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫ МАҒЫНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУШЫ КЕҢІСТІК РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.001Кілт сөздер:
лингвомәдениеттану, дискурс, мағына құрылымы, прецеденттілік, медиа, медиасаяси дискурс, әлем бейнесі, массмедиаАннотация
Аңдатпа. Бұл зерттеудің объектісі француз мерзімді басылымында жарияланған саяси тұрғыдағы мақала болып табылады.
Автор түрлі лингвомәдени сипатты интертекстуалды мағыналармен берілетін лингвомәдени мәнмәтінді анықтап, ашуға тырысады және саяси медиадискурс шеңберінде ұсынылған ақпарат, сол тілмен тікелей байланысты және жалпы мағынаның құрамдас бөлігі болып, қосымша прагматикалық, лингвомәдени сипатты функционалды қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Негізгі ғылыми мәселені қарастыру когнитивтік-дискурсивті, прагмо-семантикалық, лингвомәдени талдау арқылы жүзеге асады. Бұл ретте мәтіндік талдау элементтері публицистикалық материалда бейнеленген дискурсивті үдерісті ашуды мақсат етсе, контекстік талдау элементтері дискурс субъектілерінің тілдік тұлға ретіндегі рөлдерін, әлеуметтік-саяси ұстанымдарын және когнитивтік ерекшеліктерін анықтауға пайдаланылды. Сонымен қатар, мақалада саяси медиадискурста белгілі бір тақырыптарды саясиландыру үдерісі мен көп мағыналылықа ие болуы жағы да көтеріліп, бұл мәселе зерттеуші-ғалымдар теориялық еңбектері нәтижелеріне сүйенумен қатар, автордың мәселеге рефлексиясы аясында жүргізілген контенттік талдау нәтижелеріне негізделеді. Аталған әдістермен тікелей байланысты интерпретация әдісі зерттеу барысында жалпы объективті және субъективті заңдылықтарды қарастыратын номотетика әдісі бойынша жүзеге асты.
Автор, қазіргі саяси медиадискурс тіл, дүниетаным және мәдениет аспектілерімен тығыз байланысты, оның қабылданылуы реципиенттің лингвиомәдени құзыреттілігі арқылы жүзеге асады, деген қорытындыға келеді.
Ұсынылған мақалада көрсетілген ғылыми идея саяси медиадискурс мағынасын ашу мен түсінудегі талдау әдістерін қолданудың белгілі бір элементтерін пайдалану жолдарын көрсетеді. Бұл жұмыстың нәтижелерін лингвопрагматика, лингвомәдениеттану, лингвокогнитивизм, журналистика теориясы және басқа да зерттеулерде пайдалануға болады.