АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ ДЕНОТАТИВТІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.004Кілт сөздер:
денотативті, мағына, реңк, ерекшелік, лингвистика, морфология, символ, лексема, сөзжасамАннотация
Ұсынылып отырған ғылыми мақалада жеңіл өнеркәсіп, оның ішінде текстиль саласында қолданылатын түр-түс атауларының ағылшын, қазақ тілдеріндегі денотативті және құрылымдық ерекшеліктері туралы зерттеудің сипаттамасы берілген. Адамзат мәдениетінде, оның ішінде кез келген ұлттың санасындағы түр-түс атауларына әрқашан ерекше көңіл бөлінген, әлемді, қоршаған ортаны физиологиялық және эстетикалық тұрғыда түйсіну, түс пен реңктік белгілерге деген қызығушылық ғылымның әртүрлі салаларындағы зерттеулерді өзекті мәселеге айналдырып, олардың қолдану аясының артуына ықпалын тигізуде. Флективті және агглютинативті тілдерге жататын ағылшын мен қазақ тілдеріндегі түр-түс атауларының құрылымдық және денотативті сипатын ғылыми тұрғыда қарастыру жұмыстың мақсатын айқындап отыр, себебі түр-түс атауларын тек қана көркем шығармаларда ғана емес, сонымен қатар психология, педагогика, философия, мәдениеттану, медицина, сурет және бейнелеу өнері, текстиль, дизайн, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылық сияқты әр түрлі салаларға пәнаралық негіз болуды қамтитын тілдік бірліктердің қатарына жатқызуға болады. Мақалада әлемдік және отандық тіл білімі саласы өкілдерінің түр-түс атауларының символикалық және танымдық ерекшеліктері туралы жазылған ғылыми-теориялық еңбектеріне шолу жасалды. Зерттеу барысында салыстыру және салғастыру әдісі, мәтіндерде кездесетін түр-түс атауларының құрылымдық ерекшеліктеріне морфологиялық талдау жасау әдісі қолданылды.
Аталған мақаланың жаңалығы - текстиль өндірісінде елеулі маңызға ие болатын түр -түс атаулары мен олардың реңктерінің жасалу жолдарын ағылшын және қазақ тілдерінде салыстырмалы түрде қарастыру заманның ағысына қарай пайда болатын жаңа атаулардың маңызды бағыттарын негіздеу және айқындау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі түр-түс атауларының, олардың реңктерінің жинақталып, зерделенуі мақаланың ғылыми нәтижесі болып табылады. Ғылыми жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы зерттеу барысында алынған нәтижелерді тәжірибелік сабақ беру және дәріс оқуда, глоссарий құрастыруда, әдебиет, аударма, ғылыми баяндамалар, мақалалар, дипломдық жұмыстар, түр-түс терминдерінің қатысы бар барлық салаларда, білім саласындағы оқу бағдарламаларын дайындау барысында пайдалануға ұсынылады.