ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор(лар)

  • Токсамбаева А.О. Еуразия гуманитарлық институты
  • Амангазыкызы М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.025

Кілт сөздер:

қазақ прозасы, қазіргі қазақ прозасы, көркем мәтін, интермәтінділік, реминисценция, тарихи реминисценция, өмірбаяндық реминисценция, образ

Аннотация

Мақалада Т. Шапай, Қ. Түменбай, А. Алтай сынды жазушылардың шығармашылығы негізінде қазіргі қазақ прозасының тақырыптық және көркемдік әлемі қарастырылады. Мақаланың мақсаты – соңғы жиырма жыл ішінде жазылған прозалық шығармаларда қаламгерлердің ұлттық ауқымдағы шеберлік нақыштарымен ғана шектелмей, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістерді жаңғырта білгендігіне назар аудару. Тәуелсіздік тұсында жаңғырған «жабық» тақырыптардың бірі – Желтоқсан тақырыбының қазіргі қазақ прозасында көрініс тапқандығы Желтоқсан көтерілісінен кейінгі қиын кезеңді арқау еткен Қ. Түменбайдың  «Қобыз мұңы» әңгімесі мен осы оқиғаны астарлы түрде жеткізген А. Алтайдың «Қаладағы құтпандар» повесіндегі тақырып, образ, көркемдік әдіс-тәсіл ерекшеліктері қарастырылады. Жазушы А. Алтайдың «Қаладағы құтпандар» повесі мәтініндегі интермәтінділік элементтер, реминисценция әдісін анықтау арқылы талданады. Зерттеушілер көркем мәтінді талдау негізінде тарихи-әлеуметтік, өмірбаяндық реминисценциялардың барын анықтайды және өз тұжырымдарын мысалдар арқылы дәйектеп отырады. Мақала авторлары шығармадағы ХХ ғасырдың аяғында қазақ қоғамында орын алған нақты тарихи фактілерге сілтеме түрінде ұсынылған тарихи-әлеуметтік реминисценциялардың шығарманың көркемдігін күшейтіп тұрғандығын және баяндаудың тарихи-әлеуметтік алғышарттарын жасайтындығын, ал өмірбаяндық реминисценциялардың шығармада іргелі болып табылатындығын және бірінші кезекте автордың өмірінде орын алған нақты оқиғалармен байланысты екендігін анықтайды.

Зерттеу барысында көркем мәтінді талдаудың герменевтикалық, интермәтінділік әдістері қолданылды.

Мақаланы жоғары оқу орындарында «Заманауи қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи