ҚЫТАЙ ОНИМДЕРІН ҚАЗАҚ-ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.007Кілт сөздер:
оним, ономастика, латын графикасы, транскрипция, транслитерация, кирилл әліпбиі, Палладий транскрипциялық жүйесі, әріпАннотация
Мақалада қытай тіліндегі онимдерді қазақ-латын графикасында трансформациялау мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ қытай транскрипциялық әліпбиі мен жетілдірілген қазақ-латын әліпбиіндегі дыбыстарға салғастырмалы талдау жасау арқылы, екі тілге ортақ және баламасы жоқ дыбыстар анықталады. Транскрипция мен транслитерациялау түрлері мен онимдерді қытай тілінің транскрипция жүйесіне барынша сәйкестендіру әрі дыбыстық бейнесін жуықтатып сақтаудың тиімді жолдары мен жобалары қарастырылады.
Еліміздің латын жазуына көшу реформасы болашақта қоғамымыздың барлық саласын қамтиды, оның ішінде шеттілдік онимдер де қалыс қалмайды. Қытай онимдері – қазақ тіл білімінде зерттелмеген тың тақырыптардың бірі. Оларды қазақ-кирилл графикасында транслитерациялау – әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе. Қытай кісі есімдері мен жер-су атаулары, қытай компаниялары мен ұйымдарының атаулары, осы күнге дейін кирилдің Палладий транскрипциялық жүйесі негізінде жазылып келеді, қазақ тілінде бірізді жазу стандарты, белгілі бір жүйесі жоқ. Қытайда орыс тілінде жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдарында, ғылыми әдебиеттер, сөздіктерде де қытай тілінің ономастикалық атаулары Палладий транскрипциялық жүйесі бойынша жазылып жүр. Алайда кирилдің Палладий транскрипциялық жүйесінің кемшіліктері аз емес. Қытай тілінде орыс тілінде жоқ дыбыстар көп болғандықтан, қытай тіліндегі сөздерді транслитерациялауда дыбыстың дәл жеткізілмеуі сияқты мәселелер көп кездеседі. Ал қазақ-латын графикасында транслитерациялауда немесе транскрипциялауда бұл олқылықтарға жол бермей, дыбыстарды сингармонизм заңдылығына барынша сәйкестендіру мәселесі тұр. Сондықтан бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің еліміздің ономастика саласы мен латын әліпбиінде жазылатын шеттілдік сөздердің емле-ережелерін жасап, қағидаттарын қалыптастыруда құндылығы жоғары.
Зерттеудің тұжырымдары мен талдауларын қытай тілі мен қазақ тілі фонетикасын салғастыра оқытуда және зерттеуде, қытай тілінің ономастика саласы бойынша зерттеулерде пайдалануға болады.