ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «КӨШПЕНДІЛЕР» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ КЕЙІПКЕРДІ ВЕРБАЛДЫ-КОНЦЕПТУАЛДЫ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.016Кілт сөздер:
концепт, мәтіннің тұтастығы, мәтіннің мағынасы, терең мағынасы, авторлық модальдылық, объективация, мағынаның стратегиясы, форманың стратегиясыАннотация
Мақала мәтіннің мағыналық тұтастығын және оның терең мағынасын сақтаудағы концепттің рөлін анықтауға, концептті басқа тілге аудару тәсілдерін зерттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты бастапқы мәтіндегі негізгі мағынаға ие концептін зерттеу, сондай-ақ мәтінмәндік мағынаның жеткізілуін сипаттау. Зерттеу мәселесі өзекті, себебі мәтін тұтастығын сақтайтын элемент ретіндегі концепттің мағына біріктіретін рөлі әлі толыққанды зерттелген жоқ. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – концепт авторлық модальділіктің бірлігі және мәтіннің тұтастығын құрайтын элемент ретінде сипатталуында. Зерттеу барысында концепттің бастапқы тілдегі көрінісін анықтауға мүмкіндік беретін концептуалды, қабаттық, салыстырмалы-салғастырмалы талдау әдістері қолданылды; концепттің мағынасын басқа тілде жеткізу әдістері, бастапқы тілдегі концепттің бейнелі құралдарын ауыстыру әдістері, сипаттамалық аударма қарастырылды.
Зерттеу аясында белгілі бір нәтижелер алынды: мәтіннің негізгі категориялары анықталды, мәтіннің мағыналық бірлігі, авторлық модальдылық сияқты категориялардың мәні сипатталды; мәтіннің мағынасын, оның тұтастығын сақтаудағы және бастапқы мәтіннің авторлық модальдылығын жеткізудегі концепттің рөлі нақтыланды; бастапқы мәтіндегі концепттің аударма тілінде жеткізілу тәсілдері сипатталды; бастапқы мәтіндегі концепттің қызметтерін, оның мәтін байланысы мен автордың ниетін қалыптастырудағы рөлін егжей-тегжейлі зерттеу, концепттілерді басқа тілге барабар жеткізу тәсілдерін зерттеу, концептілерді аудару кезінде мағынасы мен формасы стратегиясын қолдану тәсілдерін сипаттау қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.