Қазақ тіліндегі негізгі терминжасамдық тәсілдер
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.003Кілт сөздер:
терминология,, терминжасам,, үлгі,, морфологиялық сөзжасам,, дефинициялық талдау,, терминологиялық жүйеАннотация
Бұл мақала қазақ тіліндегі терминжасамның негізгі тәсілдерін, үлгілерін зерделеуге, талдауға және сипаттауға арналған. Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін мынандай факторлармен көрсетуге болады: қазіргі кезде қазақ терминологиясы, терминжасам, терминография т.б. мәселелерін жан-жақты қарастыру белсенділігін арттыру; әлі де болса терминжасам тәсілдері мен үлгілерінің сан алуан қырларын көрсететін зерттеу еңбектерінің жетіспеушілігі; қоғам өмірінде орын алып отырған саяси-әлеуметтік өзгерістерге орай қолданысқа еніп, жаңадан жасалып жатқан терминдерді кешенді түрде лингвистикалық зерттеу қажеттілігі; терминжасам тәсілдері мен үлгілерінің барынша күрделі сипатын көрсету. Мақаланың негізгі нысаны – қазақ тіліндегі негізгі терминжасам тәсілдері мен үлгілері, олардың ішіндегі өнімді және өнімсіз түрлері, қолданыстық, жұмсалымдық ерекшеліктері т.б. Мақаланың материалы ретінде салалық терминологиялық сөздіктерден (қоғамдық-саяси, әлеуметтік, тарих т.б.) сұрыпталған терминдік бірліктер негізге алынды. Жұмыстың басты мақсаты – қазақ тіліндегі негізгі терминжасам тәсілдері мен үлгілерін тілдік бірліктер негізінде талдау, сипаттау. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай міндеттер белгіленді: қоғамдық-саяси, әлеуметтік және тарих салалары терминдерінің, кірме терминдердің негізгі терминжасамдық тәсілдерін, үлгілерін талдау; қолданыстық және жұмсалымдық ерекшеліктерін сипаттау; кірме терминдер мен ұлттық терминдердің басты ерекшеліктерін айқындау. Біз қарастырған қоғамдық-саяси, әлеуметтік және тарих салаларының терминологиялық жүйесінің ең өнімді тәсілдері: терминдену, басқа терминологиялық жүйелерден терминдер қабылдау, жұрнақтар жалғау және терминдік тіркестер қалыптастыру т.б. Терминжасам модельдерін (ағылшын, орыс, қазақ тілдері материалында) зерттеудің салыстырмалы-салғастырмалы бөлігінде халықаралық терминдерді берудің неғұрлым жиі тәсілдері анықталды. Заманауи терминтанымда терминдер морфологиялық, сөзжасамдық, семантикалық және т.б. көзқарастар тұрғысынан қарастырылуда. Осыған байланысты, терминдердің терминжасамдық талдамасы жүргізілді, мұнда негізінен қоғамдық-саяси, әлеуметтік және тарих салаларына қатысты терминдік бірліктерге, халықаралық терминдерге олардың түзілу тәсілдері мен амалдары негізінде талдау жасалды. Жаңа терминдердің терминжүйелерде түзілуінің негізгі үдерістері айқындалды, ол аталған жүйедегі терминологиялық базаны дамыту процесін жүйелендіруге ықпал етеді, терминдерді латын графикасына көшіруді жеңілдетеді. Мынандай терминжасам модельдері көрсетілді: түбірлік негіз – түбірлік негіз; күрделі интерлингвизмдер; халықаралық терминдерді берудің негізгі қосымшалы тәсілдері. Халықаралық терминдерді орыс тілінде фономорфологиялық бейімдеудің және оларды кейіннен қазақ тілінде қолданудың неғұрлым жиілік жағдайлары белгіленді.