ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.022Кілт сөздер:
жаңа сөздер, мәтін, өз бетімен оқу, меңгеру, оқу күнделігі, сөздік қор, қосымша әдебиеттер, оқу техникасыАннотация
Өз бетімен оқу әдісі, ең алдымен оқушының сөздік қорын толықтыру және грамматикалық құрылымдарды игеру, оқу техникасын дамыту құралы мен мәтінді түсіну дәрежесін сонымен бірге айтылымы мен ырғақ-интонациялық дағдылардың қалыптасу деңгейін бақылау болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты мазмұнды түсіну арқылы оқу барысында мазмұнды жалпы қамтуға бағытталған және мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуге оқырманның өзіндік ішкі көзқарасының қалыптасуын анықтау болып табылады. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары коммуникативті іс-әрекет ретінде оқудың мақсаты мен өнімі фактілерді, идеялар мен мәдени мағыналарды қабылдау, түсіну және түсіндіру болып табылады. Оқу түрлерін саралау коммуникативті міндеттерге негізделген, олар шет тіліндегі мәтінді одан әрі қолданумен байланысты болып келеді.
Оқудың барлық түрлері бір-бірімен байланысты және бір-бірін толықтырады, сондықтан оқудың әр қилы түрлерін қолдану шет тілін оқытудың мақсатын жүзеге асыру құралы ретінде әрекет етеді. Соған байланысты мақалада ағылшын тілі сабағына қатысты әдеби мәтіндерді, қысқаша әңгімелерді үйде өз бетімен оқуды жүзеге асыру негіздемесі қарастырылады және оқу күнделігін (сонымен қатар оқу журналы немесе оқу регистрі деп те аталады) қолдана отырып, жазбаша жұмысты оқумен қалай біріктіруге болатындығы, оқылған мәтінді түсіну және жаңа сөздермен өзінің сөздік қорын толықтырылуы зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар өз бетімен оқудағы кейбір тәсілдер мен әдістерге тоқталып, талдаумен қатар жалпы мәселенің қысқаша сипаттамасы, арнайы бөлшектерді бөліп көрсету, салғастыру, өзара көмек, қорытындылауды аяқтау, жазбалар, жаңа сөздерді меңгеру, эскиздер мен интроспекция және өзін-өзі бағалау сияқты мәселелермен қатар отандық және шетелдік әдіскерлердің көзқарасы бойынша тілді үйренуде түпнұсқадағы көркем мәтінді дұрыс түсінуі, сөйлеу барысында орынды қолдана білуінің негізгі артықшылықтары талданып, осы процесті ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері методологиялық тұрғыдан сипатталады.
Тіл үйренудегі өз бетімен оқудың ерекшеліктерін анықтауда түрлі әдіскер-авторлардың еңбектеріне шолу жасалып, зерделеп, саралау жұмыстары жүргізілді. Мақсатқа жету және қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: тақырып бойынша әдістемелік, педагогикалық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау оларды жүйелеу,жіктеу, синтездеу. Бұл әдістер көптеген мәтіндерді, кітаптарды оқуға және бейтаныс сөздер мен грамматикалық құрылымдарды санаға сіңіруге негізделген.
Зерттеуіміздің нәтижесінде шет тілін үйренудегі өз бетімен оқу студенттерге өмірдің әртүрлі салаларынан ақпарат алуды қамтамасыз етеді, ақыл-ойды дамытады, сезімдерді күшейтеді, яғни білім береді, дамытады, тәрбиелейді деген тұжырымға келдік. Нақты нұсқаулар мен мақсаттардың көмегімен үйде өз бетімен қосымша әдебиеттер оқу тіл үйренуші студенттерге олардың қалай үйренетінін танып, сол оқуға белсенді қатысып, нәтижеге қол жеткізуге толық мүмкіндік беретін жұмысымыздың нәтижесін тіл үйретуші оқытушылар өз сабақтарында қолдануына толық мүмкіндік береді.