ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГИБРИД ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.011Кілт сөздер:
будан, тілдік будандастыру, сөзжасам, реципиент тіл, кірме сөздер, біріккен сөздер, шеттілдік сөздер, терминологияАннотация
Бұл мақалада қазіргі қазақ тіліндегі гибридтік терминдер мен олардың тілдік ерекшеліктері қарастырылған. «Гибридизм» термині соңғы жылдары қазақ лексикологиясында үлкен қызығушылық тудырды.
Мақаланың негізгі мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі гибрид атаулардың тілдік сипатын қарастыру, сонымен қатар тілдегі гибрид атаулардың пайда болу себептері мен жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығы осы зерттеу нәтижелерінің қазақ тіліндегі медиамәтіндердегі, басқа тілдердегі гибрид сөздерді одан әрі терең талдауға негіз бола алатындығымен айқындалады, сонымен қатар зерттеу нәтижелері әдістемелік көмек ретінде де, гибридті сөздердің сөздігін құрастыруда да қызмет ете алады.
Зерттеу әдістемесі жүйелі, теориялық талдау, сипаттамалық әдістер мен озық тәжірибелерді пайдалануға негізделген.
Зерттеуде қазіргі қазақ тілі сөздігіндегі шет тіл бірліктері қарастырылып талданады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде жат тілдік субстрат компоненті бар кірме сөздер мен атаулардың лексикографиялық көрінісі зерттеледі. Шет тіл бірліктері негізінде жасалған күрделі зат есімдердің бастапқы формалары ескеріліп, олардың кейінгі жасалуы қазақ тілінің нормасына сай талданады.
Зерттеу нәтижелері бойынша шет тілдік субстраттық элементі бар атаулы композиттер мен гибридті түзілімдерге құрылымдық-семантикалық талдау жүргізілді және олар үшін мүмкін болатын жалпы аталым жасайтын сөзжасамдық модельдер анықталды. Сонымен қатар гибрид аталымдар туралы соңғы уақытта мәселелер көтеріліп жатса да, жұрнақ және префикстердің жалғануы арқылы жасалған гибридтік аталымдарға байланысты аспектілер іс жүзінде назардан тыс қалып отыр. Сондықтан осы мақалада гибридтік аталымдардың ішіндегі сөзжасамдық жолмен жасалған түрлеріне де ерекше назар аударылды.