МЕДИАМӘТІН - ӘЛЕМНІҢ МЕДИАБЕЙНЕСІН ЖАСАУШЫ НЕГІЗГІ ФАКТОР

Автор(лар)

  • Ақабаева М.О. Әлихан Бөкейхан университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.001

Кілт сөздер:

медиалингвистика, медиамәтін, когнитивтік лингвистика, когниция, дүниенің тілдік бейнесі, әлемнің медиабейнесі, бұқаралық коммуникация, массмедиа

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі қазақ медиамәтіндерінің когнитивтік ерекшеліктері зерттелген. Мақалада медиамәтін типтері мен олардың тілдік ерекшеліктері, бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінің ақпараттық функциясы мен ұйымдастырушылық қасиеті, медиамәтіндердің интерпретациялық қасиеттері, олардың дүниенің ақпараттық бейнесін құрудағы рөлі дәйектеледі.

       Мақалада когнитивтік тәсіл арқылы медиамәтіндер жеке сөйлеу шығармалары ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпаратты өндіру мен таратумен айналысатын адамдар мен ұйымдардың бірлескен қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Мақалада көзделетін мақсат -  медиамәтіндер тілінің когнитивтік сипатын айқындау.

         Мақала авторы қазақ медиамәтіндерінің зерттелуіне шолу жасай келе, қазіргі кездегі медиамәтіндерді когнитивтік аспектіде қарастырудың маңыздылығына тоқталады.

        Мақаланы жазу барысында теориялық материалды зерделеу және жүйелеу талдаудың, синтездің және дедукцияның жалпы ғылыми әдістері қолданылды.

      Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам үшін атқаратын негізгі қызметінің бірі – ақпараттық функциясына тоқталады.  Ақпараттық функцияны жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінің рефлексиялық қасиетімен байланысы тұжырымдалады.  Медиамәтіндердің әлемнің алуан түрлілігін белгілі бір медиа форматында бейнелеуі әлемнің заманауи бейнесін жасаудың негізгі факторы екендігі айтылады.  Медиамәтіндерді когнитивтік бағытта зерттеудің артықшылығы ретінде заттың немесе шынайы құбылыстың ақиқат өмірге барынша жақын бейнесін алу үшін оның ішкі құрылымын және жеке құрамдас бөліктерін егжей-тегжейлі зерттеп қана қоймай, оларды қозғалыста, әрекетте, сыртқы дүниемен табиғи функционалдық байланыста көрсететін ерекшелігі баса айтылады.

         Сондай ақ, медиамәтіндердің қоғамның сан қырлы идеологиялық міндетін орындауда, рухы биік идеяларды насихаттаудағы рөлі, әлеуметтік-психологиялық сипаты, қоғамдық қатынастардағы саяси-әлеуметтік рөлін дәйектей келе, бүгінгі жаһандану жағдайында әлемнің бейнесін жасау механизмі толығымен дерлік БАҚ-қа байланысты деген тұжырым жасалады.

         Мақала соңында автор қазіргі медиамәтіндер - әлемнің медиа бейнесін жасаушы негізгі фактор деген қорытындыға келеді.

Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар медиамәтіндердің тілін когнитивтік бағытта тереңірек зерттеуге түрткі бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи