ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ БОЛЫМСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.013Кілт сөздер:
ағылшын тілі, салыстырмалы талдау, қазақ тілі, болымсыздық категориясы, болымсыз белгілер, типтер, ұқсастықтар, айырмашылықтарАннотация
Функционалды-семантикалық және коммуникативті-прагматикалық аспектілердегі болымсыздық категориясы әмбебап құбылыс ретінде айқындалғанымен, оның әр тілде әр түрлі құрылымдық көрінісі бар. Екі тілде де болымсыздықтың негізгі қызметі келіспеушілік, қанағаттанбау, тыйым салу, қарсылық білдіру, ескерту болып табылады. Мақаланың мақсаты – қазақ және ағылшын тілдеріндегі болымсыздық категориясының әр түрлі үлгілеріне мысалдармен дәлелденген қысқаша салыстырмалы шолу жасау. Мақаланың көлемі морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау үшін болымсыздық элементтері мен түрлерін сипаттаумен шектеледі. Түркі тілдерімен генеалогиялық туыстас қазақ тілінің болымсыз сөйлемдер жасауда өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ ғалымдары синтетикалық және аналитикалық формаларды, ядролық және перифериялық формаларды, қос болымсыздық түрлерін ажыратады. Ағылшын тіліне келетін болсақ, негізгі айырмашылық конститутивтік (немесе ерекше) болымсыздық және сөйлемдік (немесе жалпы) болымсыздық арасында. Мақаланың теориялық маңыздылығы - екі тілде де болымсыздықты білдірудің қайталанбас ерекшеліктерін анықтауға талпыныс жасап, сол арқылы салыстырмалы тіл білімі мен салыстырмалы талдау теорияларының одан әрі дамуына үлес қосуда. Практикалық аспект – тіл оқытуда ана тілі интерференциясын есепке алуды қамтиды. Мақсатқа жету үшін зерттеушілер салыстырмалы талдау әдісін қолданып, келесі нәтижелерді көрсетті: болымсыз сөйлемдердің ядролық құралдары: қазақ тілінде – синтетикалық құралдар, ағылшын тілінде – аналитикалық; екі тілде де болымсыздықты білдіруге болатын болымсыз семантикасы бар сөздер бар. Қазақ тілі – поли-болымсыз, ағылшын тілі моно-болымсыз түрге жатады. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы – қазақ тілінде сөйлейтіндерге ағылшын тілін үйретуде, сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлейтіндерге қазақ тілін үйретуде қолданылады.