ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН КҮРДЕЛІ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.002Кілт сөздер:
термин, туризм, ерекшелік, күрделі сөз, терминдік тіркестер, құрылымдық-семантикалық қатынас, ұғым, талдау әдістеріАннотация
Аңдатпа. Мақалада қарастырылған туризм саласында пайда болған күрделі жаңа ұғымдар мен атаулар ғылым мен техниканың жылдам қарыштап дамуына байланысты өзгеріске ұшырап, тілдердің сөздік қорын байыта түсуде. Ұсынылып отырған туризм саласына байланысты кездесетін ағылшын тіліндегі күрделі терминдердің құрылымдық және семантикалық ерекшеліктеріне талдау жасау зерттеудің мақсатын айқындайды. Ағылшын тіліндегі туризм саласында кездесетін күрделі терминдердің ең жиі жасалу тәсілдерінің бірі - сөздердің бірігуі арқылы жасалатын терминдер екені анықталды. Зерттеу аясында қарастырылған 300 термин сөздің ішінде 200-і екі немесе үш компенентті термин сөздер болып отыр, әсіресе екі түбірден жасалған терминдердің жиі кездесетіні айқындалып, олардың жасалу жолдары ғылыми түрде зерделенді. Күрделі терминдердің пайда болуына лингвистикалық және экстралингвистикалық өзгерістер де әсерін тигізетіні және басқа лексемалардан басты айырмашылығы - олар көп мағыналы емес, бір ғана нақты мағыналы болып келетіні, оларда эмоционалды бояу, экспрессивті - стилистикалық қызмет болмайтыны белгілі болды. Термин сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену үрдісі тіл-тілде сөз алмасудағы басты жəне дағдылы құбылыс болып саналатыны жұмыстың ғылыми маңыздылығын көрсетсе, ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы зерттеудің нәтижелерін әдебиет, аударма саласында, арнайы мәтіндерді оқып-түсінуге, сөздіктер жасауда, ғылыми баяндамалар дайындау, туризм және мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі салалары бағдарламалары бойынша оқыту барысында пайдалануға болады.
Туризм саласында кездесетін үш компонентті терминдер баршылық, дегенмен жиі емес, бұл түпнұсқа тілінде сөйлейтін халықтың тілінің даму ерекшелігіне байланысты. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың терминдерге, оның ішінде күрделі термин сөздерінің жасалу жолдарының ерекшеліктеріне тоқталған ғылыми көзқарастағы ой-пікірлері де талданған.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың бірқатары терминдердің даму үдерісінің ғылыми принциптерін белгілеуге негіз бола алады. Аталған зерттеу жұмысында теориялық, салыстырмалы және талдау әдістері қолданылды. Берілген мысалдарды салыстыру арқылы оларға теориялық тұрғыдан құрылымдық және семантикалық сипаттама берілді.