САЯСИ МЕДИАДИСКУРСТЫ АУДАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.019Кілт сөздер:
Tуиттер, туит, аударма, трансформация, түпнұсқа тілі (ТТ), аударма тілі (АТ), саяси коммуникацияАннотация
Мақалада саяси коммуникация және саяси дискурсты аудару стратегиялары қарастырылады. Әлеуметтік желі саяси коммуникацияның маңызды құралына айналды. Саясаткерлер өз саяси бейнесі туралы халықтың көзқарасын қалыптастыру арқылы билік бәсекесінде үстемдік ету үшін түрлі медиа платформалырын қолданады. Туиттерде хабарлама жазу ой білдірудің, идеяларды ілгерілетудің, шетін мәселелерді талқылаудың тиімді жолы болып табылады. Ағылшын тілі туит хабарламаларын жазуда әмбебап тіл ретінде қарастырылса, хабарлама мәтіндерін аудару ақпаратты таратуда, саяси және әлеуметтік өзгерістерді туралы хабарлаудың жылдам жолы болып табылады. Берілген мақалада саяси туит мәтіндерінің лингвистикалық ерекшеліктері мен олардың ресейлік ақпарат құралдарындағы аударма нұсқалары қарастырылады. Әлеуметтік желі мазмұнын аудару саласындағы кеңейтілген зерттеулердің қажеттілігі зерттеу жұмысының негізгі мақсатын айқындайды, ол Туиттер мәтіндерін ағылшын тілінен орыс тіліне барабар аударуды қамтамасыз ететін тиімді аударма әдістерін талдауға негізделген. Саяси және медиадискурстың ерекшеліктерін сипаттау үшін мазмұндық талдау әдісі қолданылды. Аударма анализінің нәтижелері халықаралық қатынастарды реттеуде аударманың рөлін айқындап, тиімді мәдениет аралық байланыс орнатуда коммуникативті жағдаят туралы аудармашының аялық білімінің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелерін әлеуметтік желілердегі аударма үдерісін тереңірек зерттеуге, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық журналистика және халықаралық қатынастар саласында қолдануға болады.