ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУДАРМА ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ

Автор(лар)

  • Жұмабекова А.Қ. КазНПУ им.Абая

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.018

Кілт сөздер:

аударматану, диссертациялық зерттеу, қазақстандық ғылым, философия докторы, «Аударма ісі» мамандығы, шолу, тенденциялар, аударматану саласындағы ғылыми жұмыстардың сапасы

Аннотация

Мақалада соңғы бес жылдағы «Аударма ісі» мамандығы бойынша «Философия докторы (PhD)» ғылыми дәрежесін алу үшін қазақстандық диссертациялық зерттеулерге аналитикалық шолу жасалды. Еліміздегі  үш диссертациялық кеңестің құрамында жұмыс істеу барысында авторға бүгінгі күнге дейін қорғалған он екі жұмыстың тақырыптарын, ғылыми жаңалықтарын саралап, әрбір талапкердің қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік берді. Қазақ тілінен шетел (ағылшын, корей) тілдеріне тікелей аудармаларды (ауызша аударма, киноаударма, салалық аударма негізінде) талдаудың нәтижесінде қазақстандық аударматанудағы жаңа тенденциялары анықталды. Диссертациялардың авторлары таңдаған түпнұсқа және аударма бірліктерінің, оның ішінде контекстік ортаны қоса алғанда, корпустардың маңызды рөлі атап өтіледі.

Қазақ қаламгерлерінің көркем шығармаларының аудармаларына қатысты тақырыптар жиі зерттелгендігі анықталды. Бұл жайт кеңестік кезеңнен бастап қалыптасқан көркем аударма сынының дәстүрін көрсетеді. Көбінесе талданған бастапқы және аударма тілдердің үштігі: қазақша-орысша-ағылшынша (тоғыз жұмыс). Демек, бұндағы теориялық мәселелердің бірі – жанама аударманың (және/ немесе жолма-жол аударманың) рөлі, оның сапасы көркем шығармаларды шетел (негізінен ағылшын) тілдеріне аударудың сәйкестігіне тікелей байланысты. Рецензияланған жұмыстарда бұл мәселе қарама-қарсы түрде шешіледі, талдау көрсеткендей, анықтаушы фактор диссертанттардың жалпы мәдени және лингвистикалық құзыреттілігі болып табылады.

Аударматану саласындағы докторлық диссертациялардың сапасын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар тұжырымдалған. Ғылыми кеңесшілердің жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігі көрсетілген. Қазіргі кезеңде де, диахрондық аспектіде де диссертанттардың қазақстандық аударматану үдерісінен жасанды оқшаулану фактілері атап өтілді.

Әлемдік аударматану тенденцияларына сәйкес Қазақстанда аударма ғылымы дами алатын перспективалы салаларға шолу жасалды.

 

 

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи