ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «АҚЫЛ/MIND» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • Картжан Н.Е. Актюбинский региональный университет им. К. Жубанова
  • Исакова С.С.
  • Исакова А.С.
  • Алтайбекова К.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.007

Кілт сөздер:

ақыл, ертегі, қиял-ғажайып ертегі, дискурс, ертегі дискурсы, лингвоконцептология, когнитивті лингвистика, концепт

Аннотация

Мақалада қазақ-ағылшын қиял-ғажайып ертегі дискурсындағы «Ақыл/mind» концептісінің лексика-семантикалық репрезентациясына талдау жасалады. Зерттеудің теориялық негізіне қазіргі когнитивтік лингвистиканың бір саласы болып саналатын лингвоконцептология тұжырымдары алынады, әсіресе оның салғастырмалы аспектісіне назар аударылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ және ағылшын ертегі дискурсындағы ақыл/mind концептісі арқылы аталған тілдердегі дүниенің әмбебап бейнесі мен ұлттық ерекшелікті көрсету. Зерттеу материалы ретінде қазақ және ағылшын қиял-ғажайып ертегілерінде («Ер Төстік» ертегісі, «The Three Heads of the Well» ертегісі) кездесетін ақыл/mind концептісі және олардың синонимдері алынды. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде сипаттау, типологиялық әдіс, компоненттік талдау әдісі, өріс әдісі, оппозиция әдісі, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, сөздіктерден түгелдей теру әдісі, сандық-статистикалық талдау әдістері қолданылды. Ертегі дискурсы дискурстың бір жанры ретінде әр ұлттың өзіндік болмысын бейнелейді. «Ақыл/mind» концептісінің сөздік мақалалары мен ертегі дискурсындағы лексикалық және семантикалық көрінісі, синонимдік қатары, ертегі кейіпкерлерінің менталды қабілеттері тұрғысынан талданды. Зерттеу нәтижелері жалпы адамзатқа тән ақыл-ой әрекетінің әмбебап сипаттары мен әр ұлттың дүние бейнесінің өзіндік ерекшелігін айқындады. Қазақ тіліндегі «Ер Төстік» ертегісі мен ағылшын тіліндегі «The Three Heads of the Well» ертегісіндегі ақыл/mind концептісінің лексика-семантикалық репрезентациясын талдау ең алдымен ақыл-ой әрекетінің адамзатқа тән ортақ қасиеттерін анықтады: адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі; түйінді ой, пайдалы кеңес, жөнді пікір. Зерттеу нысанына алып отырған ертегі дискурсына тән айырмашылықтар мысалы, қазақ ертегі дискурсында ақыл басты кейіпкерлердің зеректігін, тапқырлығын бейнелесе, ағылшын ертегі дискурсында басты кейіпкердің шешім қабылдауынан көрініс табады. Ақыл  концептісі қазақ ертегі дискурсында амал табу, айла табу  мағыналарында жиі байқалса, ағылшын ертегі дискурсында оң пікір білдіру, дұрыс жөн көрсету мағыналарында жиі қолданылады. Қазақ және ағылшын ертегі дискурсында ақыл/mind концептісінің түрлі қолданысына қарамастан, аталған екі лингвомәдени қауымдастықта ақыл интеллектімен, пайымдаумен, тәжірибемен, ақыл-ойдың даралығымен ассоциацияланады деп қорытынды жасалады. Зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар когнитивті лингвистика саласының дамып қалыптасуына септігін тигізеді. Сондай-ақ лингвомәдениеттану, прагмалингвистикаға, салыстырмалы-салғастырмалы тіл біліміне байланысты зерттеулерді толықтыруға әрі тереңдетуге өзіндік үлесін қосады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи