СӨЙЛЕУ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ (АҒЫЛШЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Турлыбекова И.А. ENU
  • Сауле Слямбековна

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.014

Кілт сөздер:

шешендік,, корпус,, конкорданс,, семантика,, үзінді,, жиынтық,, фразеологизм,, байланыс

Аннотация

Зерттеуде сөйлеу мінез-құлқын сипаттайтын фразеологизмдердің сөйлемде басқа сөз таптарымен байланысуы қарастырылады. Жұмыстың негізгі мақсаты ұлттық корпустан жинақталған мәтіндердегі сөйлеу мінез-құлқын білдіретін фразеологизмдерді зерттеу, сондай-ақ үзінділердегі фразеологизмдердің мағынасының жеткізілуіне назар аудару. Зерттеу мәселесі өзекті, себебі фразеологизмдердің, солардың ішінде сөйлеу мінез-құлқын білдіретін фразеологизмдерге ұлттық корпус негізінде жүргізілген ауқымды зерттеулер аз. Мақаланың ғылыми жаңалығы — алғаш рет сөйлеу мінез-құлқын сипаттайтын фразеологизмдердің ішіндегі шешендіктің көркемдігін бейнелейтін фразеологизмдер негізінде ұлттық корпустан алынған мысалдардың зерделенуінде.

Осы жұмыс қазіргі таңда қарқынды даму үстінде тұрған корпустық лингвистиканың жетістіктерін қолдана жүргізілген зерттеулердің бірі. Тілдің ұлттық корпусы тіл бірліктерінің сөздіктегі формасынан басқа, тілдегі шынайы қолданыс бейнесін көрсетеді. Корпустар фразеологизмдерді зерттеуге керемет мүмкіндік береді. Фразеологизмдердің сөйлемде қолданысы, фразеологизмдердің құрамындағы бірліктердің қай сөз таптарымен бірге қолданылып, қай сөз табымен жиірек байланысатындығын анықтау осы зерттеу мақсатының бірі. Бұл зерттеудің нәтижесінде алынған мәліметтер тілдік зерттеулермен айналысып жүрген мамандарға ағылшын фразеологизмдерінің тілдегі қолданысы туралы құнды ақпарат бере алады. Атылыш зерттеуде жаппай таңдау және сандық-статистикалық әдістер қолданылады.

Зерттеу аясында бірнеше нәтижелер алынды: атап айтқанда, алдымен фразеологизмдердің ішінен сөйлеу мінез-құлқын білдіретін фразеологизмдер теріліп алынды. Сөйлеу мінез-құлқын білдіретін фразеологизмдер әңгіме жүргізу тәсілін сипаттайтын фразеологизмдер және әңгіме мазмұнын сипаттайтын фразеологизмдер атты топтарға бөлінді. Сөйлеу мінез-құлқының детерминанты болатын анықталған фразеологизмдерді талдау барысында шешендіктің көркемдігін көрсететін фразеологизмдер жинақталды. Осы фразеологизмдердің мысалдары тілдің ұлттық корпусынан жиналып, олардың сөйлемде басқа сөздермен байланысуы айқындалды.

Автор биографиясы

Сауле Слямбековна

ф.ғ.к., профессор м.а., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи