СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІСІН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.021Кілт сөздер:
ойлау, әдіс, оқытушы, технология, сұрақ, университет, мектеп, білім алушыАннотация
Мақалада сыни тұрғыдан ойлау технологиясын әдебиет сабағында қалайша ұтымды қолдануға болатындығы жайлы айтылады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының түрлі әдістері, яғни «Миға шабуыл», «Инсерт», «Идея, түсінік, атаулар себеті», «Білемін – Білгім келеді – Білдім», «Болжам ағашы», «Үзіліспен оқу», «Қалың және жұқа сұрақтар» сынды тәсілдер қарастырылады. Мақаланың негізгі міндеті қазіргі кездегі заманауи технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан ұрпақты алуан қырынан дамыту екендігін көрсету. Еліміздің даму кезеңінде білім беру жүйесін технологияландыру бойынша мақсат көзделуде. Білім берудің көптеген технологиялары жасалып, білім беру орындарының тәжірибесіне енгізілуде. Білім алушыларға жаңа технологияларды игерту оқытушының кәсіптік, адамгершілік, азаматтық және де басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Мақалада теориялық талдау, ақпаратты жинақтау әдістері қолданылады. Олардың тәжірибеде қолданылуы көрсетіледі. Мақаланың маңыздылығы заманауи технологияларды пайдалану арқылы қазақ әдебиеті сабағын студенттерге қызықты әрі нәтижелі өткізуде, сондай-ақ еліміздің білім сапасын арттыру мақсатында осындай технологияларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болатынын анықтау. Бұл мақала авторларының негізгі мақсаттарының бірі, білім беру жүйесінде, оқыту процесінде әртүрлі педагогикалық технологияны қолдану өскелең ұрпақтың жан-жақты жетілуіне, сапалы білім алуына, ұтқыр, шығармашыл болуын қамтамасыз ету әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі болып табылатынын анықтау. Білім беру жүйесінде пайдаланылып жүрген заманауи технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Бұл жаңа технологиялар - білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілетін, тұжырымдама жасай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған. Сондай ақ мақалада сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану сабақтың қызықты өтуіне септігін тигізіп, оның әшейін ойын мен сауыққа айналып кетуіне жол бермейтіндігі жайлы айтылады.
Қорыта келгенде, мақалада әдебиет сабағында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану өте тиімді екені анықталады, себебі ол білім алушыларды ынталандырып, шығармашылықпен айналысуға зор мүмкіндік береді.