ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ «БАСПАНА» ЖӘНЕ «БАСПАНАСЫЗДЫҚ» АРХЕТИПІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.024Кілт сөздер:
архетип, әдеби архетип, К. Юнг, архетип образдар, сюжет, баспана, баспанасыздық, қазіргі қазақ прозасыАннотация
Мақалада көркем шығармалардағы «архетип» ұғымының әмбебаптығы талданады. Бұл ұғымды ғылым саласына енгізген және негіздеген швейцариялық психоаналитик Карл Юнг. К.Юнг адамның еркіне, ырқына бағынбайтын бейсаналығын адамның жеке өзіне тән архетиптері (жеке бейсаналық) және адамзатқа немесе белгілі бір ұлт, ұлыс, тайпаға ортақ бейсаналықты ұжымдық бейсаналық деп екіге бөліп қарастырады.
Мақаланың мақсаты – қазіргі қазақ прозасының негізінде көп өлшемді және көптеген мәселелерді, мәселен, елдің тарихын, отбасының тарихын танытатын, қазақтың рухани мінезін, тұлғасын қалыптастыратын, адамның өз бақытын іздеуіне жол ашатын «баспана» және «баспанасыздық» архетиптерінің қызметіне талдау жасау. Сонымен қатар, «баспана» және «баспанасыздық» архетиптері қоғам айна ретінде көрінетін адам өмірінің әлеуметтік-мәдени кеңістігін көрсетеді.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде архетип концепциясының негізін салған К.Г. Юнг пен басқа да психоаналитик ғалымдар мен әдебиеттанушы, эстетик, философ зерттеушілердің ой-пікірлеріне сүйене отырып, қазақ халқының мифологиясы мен фольклорында, салт-дәстүрі мен наным-сенімінде, жалпы ұжымдық бейсанасында бүгінге дейін сақталған архетип образдар мен мотивтер негізінде абсрактілі әрі материалдық құндылық ретінде қалыптасқан «баспана» ұғымының көркемдік құрал ретіндегі әдебиет пен өнердегі көрінісі сараланды.
Мақаланы жоғары оқу орындарында «Заманауи қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.