ҚҰМЫҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Автор(лар)

  • Мурзинова А. С. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.011

Кілт сөздер:

лингвистика, құмық тілі, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық сөздік, лингвомәдениет, паремиология, лингвостилистика, фразеосемантика

Аннотация

Қарым-қатынас үдерісінде фразеологизмдер құбылыстарды, фактілерді, шындық процестерін белгілеудің, оларды эмоционалды-экспрессивті бағалаудың маңызды функцияларын орындайды. Онда халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлері, ұлттық-мәдени тамырлар мен орныққан мәдениет ерекшеліктері кеңінен орын алады. Тұрақты тіркестер құрамындағы сөздер сан мың жылдарды артқа тастаған соң, бастапқы мағынасы ұмытылып немесе ұмытылуға жақындап көмескілене бастайды. Сөз бір халықтан, екінші бір халыққа әртүрлі жолдармен ауысады. Осындай сөз ауысулары арқылы алыс дәуірлердегі ұлттар арасындағы мәдени байланыстар мен қатынастарды кей ретте әлдебір тарихи куәлар мен ескерткіштер қалмаса да білуге болады. Мақалада құмық тіл біліміндегі тұрақты сөз тіркестерінің зерттелуі сараланады. Мақала мақсаты – фразеологизмдерді лексикаланған және грамматикаланған сөз тіркестерімен қатар қарастырған ғалымдардың еңбегін жүйелеу. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: құмық тілінің фразеологиялық сөздіктері мен фразеология саласына қатысты ғылыми еңбектерді саралау және жүйелеу, құмық тіл білімінің фразеология саласының зерттелу деңгейі айқындау. Тарихи-мәдени дәстүрлер мен ұлттық менталитеттің ерекшеліктері көрініс табатын фразеологиялық бірліктердің, олардың бейнелерінің пайда болуы мен дамуы талданады. Фразеологизмдердің лексикалық, грамматикалық тұлғасын саралай отырып, сол халықтың тарихи-мәдени дәстүрлері мен ұлттық менталитеттің ерекшеліктерін айқындай аламыз. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларына қосымша үлес болып табылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Лингвомәдениеттану», «Этнолингвистика», «Фразеология» сынды арнайы курстар дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу барысында немесе тақырыптарын әзірлеуде қолдануға болады. Құмық тілінің фразеологиясы мәселелерін арнайы зерттеп жазылған шетелдік ғалымдардың еңбектері зерттеудің әдіснамасын  құрайды.  Зерттеу нәтижелері құмық тіл білімінің дамуына, түркі тілдерінің байланыста зерттелеуіне септігін тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи