ОТБАСЫ ДИСКУРСЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ

Автор(лар)

  • Койлыбаева Р.К. КазНПУ имени Абая
  • Жунис М.А. КазНПУ имени Абая
  • Умбетбекова К.М. АТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.007

Кілт сөздер:

дискурс, отбасы дискурсы, прагмалингвистика, сөйлеу актілері, локутивті акт, иллокутивті акт, перлокутивті акт, эксплицитті интенция

Аннотация

Бұл мақалада жалпы дискурс және прагматика мәселелері түрлі ғалымдардың жұмыстарын зерттеу арқылы қарастырылған. Отбасы дискурсына анықтама беріліп, өзіне тән ерекшеліктер сипатталған. Сонымен қатар, отбасы дискурсының прагматикалық әлеуетін көрсететін локутивті, иллокутивті және перлокутивті сынды сөйлеу актілерінің түрлері қарастырылып, олардың қолданылу аясын сипатттайтын отбасы дискурсынан үзінділер мысал ретінде берілген. Мақала мақсаты – отбасы дискурсының прагматикасын сипаттайтын белгілерді анықтау. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: «отбасы дискурсы» ұғымына анықтама беру; Сөйлеу актілерінің түрлерін, отбасы дискурсы кезіндегі қызметін анықтау; Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы дискурс теориясы, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистикаға қатысты еңбектерге теориялық толықтыру болып табылады. Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Дискурс теориясы», «Әлеуметтік лингвистика», «Когнитивті лингвистика» сынды арнайы курстар дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу барысында қолдануға болады.

Зерттеудің әдіснамасын дискурстың прагматикасын анықтауға арналған дискурс теориясы аясында жазылған ғылыми еңбектерге аналитикалық шолулар құрайды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі: отбасы дискурсы прагматикасының белгілі бір коммуникативті жағдаяттарда және сөйлеу актілерінің көмегімен жүзеге асатыны анықталды. Зерттеу жұмысының құндылығы: Бүгінгі  жаһандану заманында қоғамдағы отбасының әлеуметтік рөлі жоғарылауда. Отбасында ұлттық болмыстың сақталуы үшін, отбасы мүшелерінің арасындағы коммуникативтік жағдаяттың, яғни отбасы дискурсының орнауы өте маңызды. Адам коммуникацияға түсу арқылы ғана, өзінің қалауын, тілегін, ниетін жеткізе алады. Күнделікті қарым – қатынасты реттеу арқылы, яғни отбасылық мәселелерді талқылап, ақылдасқанда ғана отбасының беріктігі артады. Жұмысымызда, отбасы дискурсы күнделікті жағдаяттарға, жеке оқиғаларға және қызығушылықтарға байланысты туындайтын дискурс түрі ретінде қарастырылып, коммуникативті және прагматикалық параметрлермен сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи