БОЛАШАҚ ФИЛОЛОГТАРДЫ ДАЙЫНДАУДА ЖҮЙЕЛІК-ҚЫЗМЕТ ТӘСІЛДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.019Кілт сөздер:
орыс тілі, оқыту әдістемесі, кәсіби іс-әрекет, құзіреттілік, тәсіл, когнитивтік тактика, тілдік бірліктер, жүйелік-әрекеттік тәсілАннотация
Бұл мақалада Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің болашақ филолог мамандарын оқытуда жүйелік-белсенділік тәсілін енгізу бойынша педагогикалық зерттеудің нәтижелері көрсетілген. Жүйелік-белсенділік тәсілі кәсіби тұлғаны дамытуға бағытталған, қарқынды кәсіптік және оқу іс-әрекеті процесінде метапәндік білім, білік және дағдылар жүйесін меңгеруге ықпал етеді.
Ұсынылып отырған басылымның мақсаты – университеттің орыс филологиясы кафедрасы оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін жалпылау. Ғылыми маңыздылығын А.Н. Леонтьев негіздеген филология студенті қызметінің белгіленген үлгісі көрсетеді. Зерттеу әдісі – ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен аналитикалық-синтетикалық жұмыс.
Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру мазмұнында орыс тілі әдістемесін оқыту әдістемесі білім алушыларға "Қазіргі орыс тілі" және "Орыс тілін оқыту әдістемесі" сияқты лингвоәдестімілік пәндер арысандағы пәнаралық байланыс орнату, интегралды білік қалыптастыру қарастыралған. Бүл екі курстың да зерттеу нысаны бірдей, яғни тіл мен сөйлеу.
Жүйелік-белсенділік тәсілін жүзеге асыру аясында мақалада берілген оқу-кәсіби іс-әрекет түрлері: когнитивтік тактика, интегративті дағдыларды дамыту, орфографиялық ұғымдармен таныстыру барысында тілдік бірліктерді салыстыру зерттеу нәтижесі болып табылады, салыстырудың әдістемелік әдісіне үйрету.