ТАРИХИ ЖЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚЫ УАҚЫТ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРДІҢ МӘНІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.008Кілт сөздер:
концепт, уақыт концептісі, тарихи жыр, халықтық өлшем, тілдік бірлік, уақыт, таным, фольклор, көркем мәтін, тәулік, этнос, дін, мезгілАннотация
Мақалада тарихи жыр мәтіндері негізінде уақытты білдіретін халықтық өлшем атаулары, олардың этимологиясы қарастырылды. Мақаланың мақсаты – тіліміздің ұлттық құндылығы саналатын тарихи жырлардың тілін когнитивтік аспектіде зерттеуге негізделді. Фольклор тілін зерттеу – сол халықтың мәдениетінен, танымынан ақпарат алуға мүмкіндік тудырады. Тарихи жыр мәтіндерінің мазмұнына үңіле отырып, жыр жолдарынан «уақыт» концептісін айқындайтын тілдік бірліктер іріктеліп алынды. Соның негізінде халқымыздың уақыт туралы таным-түсінігі айқындалды. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвофольклортануға қатысты еңбектерге теориялық толықтыру болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Лингвофольклортану», «Когнитивтік лингвистика», «Лингвомәдениеттану» сынды арнайы курстардың дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда пайдалануға болады.
Мақалада тілдік талдау, салыстыру, когнитивтік талдау әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысымыздың негізгі нәтижелері мен шешімдері жасалды. Тарихи жыр мәтіндерінен мысал келтіріліп, уақытқа қатысты тілдік бірліктер мағынасына қарай топтастырылды. Олар: 1) діни-наным сенімге байланысты туындаған байырғы уақыт өлшем бірліктері; 2) табиғат құбылыстарына байланысты атаулар; 3) адамның қимыл-әрекетіне байланысты туындаған атаулар; 4) шаруашылыққа, төрт түлік малдың тіршілік әрекетіне негізделген атаулар деп жіктелді. Тарихи жырлардағы уақыт жыр кейіпкерлері үшін маңызды саналған және уақытты тиімді пайдаланғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, сол заманда туындаған уақытты білдіретін тілдік бірліктер әлі күнге дейін актив қолданыста. Автордың тұжырымдауынша, халықтық өлшем атаулары халықтың ойлау жүйесі, қоршаған ортаны тануы, күнделікті тұрмыс-тіршілігі арқылы қалыптасып, тіліміздің лексиконында қолданысқа енгені айқындалды. Уақытты білдіретін өлшем атауларының тарихи жырларда берілу жолдары, олардың мәні мен маңызы сипатталды. Аталмыш тілдік бірліктер халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, ойлау жүйесімен байланысты екені анықталды.