ҚЫТАЙ ТІЛІНІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДЕГІ (ГУАНЬЮНЪЮЙ) КОНЦЕПТУАЛДЫҚ МЕТАФОРА МЕН МЕТОНИМИИЯСЫН ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.003Кілт сөздер:
соматикалық гуаньюнъюй, семантика, концептуалды метафора, концептуалды метонимия, кеңейтілген тип, фразеологиялық бірліктер, метафора теориясы, соматикалық фразеологиялық бірліктерАннотация
Бұл мақалада қазіргі қытай тілінің фразеологиялық бірлігі гуаньюнъюй когнитивтік тіл білімінің метафора теориясы тұрғысынан қарастырылады. Мақсаты – соматикалық компоненті бар фразеологиялық бірліктердің тілдік мағынасының қалыптасу негіздері мен механизмдерін анықтау. Зерттеу объектісі – қазіргі қытай тіліндегі соматикалық гуаньюньюй болса, пәні – фразеологиялық бірліктердің тілдік мағынасының қалыптасуының негізінде жатқан когнитивтік процестер мен механизмдер. Бұл тәсіл соматикалық компоненті бар гуаньюнъюйдің концептуалды метафоризациясының немесе концептуалды метонимизациясының когнитивтік үлгілерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Мақалада зерттеліп отырған фразеологиялық бірліктің метафоризация мен метонимизация түрлерінің арақатынасы туралы статистикалық деректер келтірілген. Концептуалды метафора мен метонимияны ажырату әдістемесін жасаудың когнитивтік алғышарттары көрсетілген. Концептуалды метафора мен метонимия ажыратылды. Теориялық база қорытындыланды, оның ішінде сыртқы дүниені сана арқылы қабылдау және тілдің көмегімен біртекті ұғымдарды концептуализациялауға қабілетті ақпаратты жадқа бөлу.
Концептуалды метафора мен метонимияны зерттеу үздіксіз іріктеу, когнитивтік-лингвомәдениеттанулық талдау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Талдау нәтижесінде соматикалық гуаньюнъюйда ішінара метафоризация немесе метанимизация үлесі 37,7% немесе зерттелетін корпустың 222 бірлігін құрайтыны туралы статистикалық деректер алынды. Сондай-ақ концептуалды метафора мен метонимия олардың дифференциациясының үстірт және терең сипаттамалары негізінде де дербес танымдық тетіктер екендігі туралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді қытай фразеологиясына қатысты метафора теориясын одан әрі дамытуда, лингвистикалық саласында оқитын студенттеріне когнитивтік лингвистика курсын жазуда қолдануға болады.