МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ПОЭЗИЯСЫ: ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ (КЕДЕЙЛІК МӘСЕЛЕСІ)

Автор(лар)

  • Ерланова А.Е. «Торайғыров университеті» КеАҚ
  • Баратова М.Н.
  • Ташекова А.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.028

Кілт сөздер:

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, дәстүр жалғастығы, үндестік, жыраулық поэзия, халық ауыз әдебиеті, көркемдік ерекшеліктер, ұлттық өрнек, еңбек құндылығы, кедейлік, жалқаулық, еріншектік

Аннотация

Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы дәстүр мен жалғастық мәселесі қарастырылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – ақын поэзиясындағы дәстүр жалғастығының бұрын қарастырылмаған тұстарын саралау, қарастыру, жаңашыл көзқараспен қарау. Осыған дейін профессор Қ.П. Жүсіп өз зерттеулерінде ұлы ақын Абай мен Мәшһүр Жүсіптің арасындағы үндестікті, М.Н. Баратова ақын өлеңдеріндегі дәстүр тағылымы мен стиль, бейнелілік, дәстүр сабақтастығы және мәні, Е.Қ.Жүсіпов шығыс әдеби дәстүрін зерттеді. Бұл еңбектерде көтерілген мәселелерді қайталамай, қалыс қалған, айтылмағандарын саралау мақаланың өзектілігін білдіреді. Атап айтқанда еңбек құндылығы, кедейлік, жалқаулық, еріншектік мәселелері талдауға түседі.

Ғылыми зерттеудің идеясы – Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы кедейлік мәселесінің, еңбек құндылығының зерделенуін жан-жақты ашып көрсету.

Адамның еңбектену қабілеті, өзін-өзі жеңуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, сол арқылы  кедейлікке апаратын кедергілерді болдырмау зерттеудің практикалық әрі тәрбиелік маңызын көрсетеді.

Талдау барысында халық әдебиетінің озық үлгілерін өз шығармашылығында дамыта қолданған  Мәшһүр Жүсіп Көпеев дәстүр жалғастығын берік ұстанған және өз шығармашылығында ұтымды қолданған, бірақ өзіне дейінгі дәстүрді қайталамай өзіндік таңбасын қалдыра білген ақындардың бірі екені дәлелдермен келтірілді. Мақалада дәстүр жалғастығы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет, жыраулық поэзия, халық ауыз әдебиеті арасындағы байланыс, үндестік мәселелері айтылып өтеді. Атап айтқанда, ақын шығармалары ауыз әдебиеті үлгілерімен, Шал ақын, Шәкәрім, Абай шығармаларымен салыстырылып, дәстүр жалғастығы (кедейлік тақырыбы) және өзіндік ерекшелігі анықталды. Нәтижесінде еңбек құндылығын, кедейлік мәселесін Абай, Шәкәрім сияқты культ деңгейіне көтере алғаны дәлелденді. Зерттеудің құндылығы Мәшһүр Жүсіп діни-ағартушы ақын болғандықтан еңбек құндылығы, кедейлік мәселелерін нәпсі тұрғысынан қарастырып, әдебиетке өзіндік сөз қолданыстарын енгізуінде жатыр. Ақынның шығармаларында кездесетін сөз қолданыстары нақыл сөз ретінде әлі де құндылығын жоймады. Зерттеудің ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарын «Мәшһүртану» курстарында, өлкетану сабағында, ХХ ғасыр басындағы әдебиет және жалпы әдебиет теориясы пәнінде де қолдануға болады.

Мәшһүр Жүсіптің және жыраулардың, Абай, Шәкәрім, халық ауыз әдебиетінің туындыларын салыстыру, сұрыптау, жүйелеу жұмыстары жүргізілді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи