СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ

Автор(лар)

  • А.Б. Е‬рсаинова Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.53.96.024

Кілт сөздер:

эпистолярлық мұра, эпистолярлық жанр, архив, хат, тақырып, қолжазба, әдебиет мәселесі, ә‬деби ж‬әне м‬әдени м‬ұра

Аннотация

Бұл мақалада академик-жазушы Сәбит Мұқановтың өз замандастарымен, қаламгерлермен, оқырмандарымен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен жазысқан және басқалардан алған хаттары мен жазба-деректері қарастырылады. Сәбит Мұқановтың хаттары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде 1634-қорда сақтаулы.

Мақаланың мақсаты – жазушының  хаттарын қарастырып, хаттарының тілін, стильдік ерекшеліктерін, мазмұнын, көркемдік құрылымын, қоғам мен заман шындығын анықтау. Қазақ әдебиетінде эпистолярлық жанрға барынша ұқыптылық танытқан жазушының бірі – академик-жазушы Сәбит Мұқанов. Қаламгердің эпистолярлық мұрасы өте бай.  Мәселен, Сәбит Мұқановқа Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхтар Әуезовтің, жазған хаттары және жазушының Ыдырыс Уәлихановқа, Сәйфи Құдашқа, Әзілхан Нұршайықовқа, Ғалым Малдыбаевқа, Қызылжар қаласының тұрғындарына арнап жазған хаттары қамтылып, талданды. Қаламгер хаттарының тілі, стильдік ерекшеліктері, мазмұны, көркемдік құрылымы, қоғам мен заман шындығы анықталды.

 Мақаланы жазу барысында дәстүрлі ғылыми талдау мен жинақтау, хронологиялық, кешенді, жеке талдау әдістері негізге алынды.

Жазушы Сәбит Мұқанов хаттарында көбінесе әдебиеттің, көркем шығарманың тағдыры, ұлт мұрасы, халықтың жағдайы,  туған жер мәселесі  кеңінен сөз болады. Хаттар арқылы жас қаламгерлерге ұстаздық ақыл-кеңесін аямаған. Хаттардан жазушының азаматтық өсу жолының шежіресін және эпистолярлық жанрды терең түсінгенін көреміз.

Зерттеу нәтижесінде, барлық хаттардың мазмұны жағынан әр алуан екендігіне көз жеткіздік.

 Сәбит Мұқановтың хаттарына қатысты талдау нәтижелері мен қорытындылар жазушының эпистолярлық шығармашылығына тың пайымдау жасауға мүмкіндік береді. Халық жазушысы Сәбит  Мұқанов мұрағатындағы бағалы хаттары – қалың көпшілікке, пайымды оқырмандарға, жазушы шеберханасы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге таптырмас құнды деректер болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы: мақала жоғары оқу орындарында оқытылатын «Әдебиет сыны» пәнінің мазмұнына  үлес қосады. Ал практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Мұқановтану» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи