ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ «ТУҒАН ЖЕР» КОНЦЕПТІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.026Кілт сөздер:
фольклор, туған жер, лингвофольклортану, концепт, концептосфера, мақал-мәтел, кеңістік, түркі халықтарыАннотация
Мақалада түркі халықтарының мақал-мәтелдерінде көрініс беретін «Туған жер» концептісіне кешенді талдау жасалынды. Зерттеудің мақсаты – түркі халықтарының мақал-мәтелдеріндегі «Туған жер» концептісін салыстыру арқылы аталмыш халықтардың танымындағы туған жер ұғымын зерделеп тану, ортақ сарындарын анықтау. Мақал-мәтелдердің функциясы анықталды. Түркі халықтарының мақал-мәтелдеріндегі «Туған жер» концептісін талдап көрсету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Түркі халықтарының мақал-мәтелдерін мағыналық және тақырыптық жағынан салыстыра зерттеу;
- «Туған жер» концептісі негізгі компоненттерін айқындау және жалпы концептілік тұтастығын көрсету;
- Түркі халықтары үшін Туған жер, ел, отан, атамекен ұғымдарының алатын орны.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы түркі танымындағы Туған жер туралы ұғым-түсінікті, көзқарасты салыстырып қарастыру арқылы халықтың дүние танымы, табиғатты, қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық ерекшелік белгілері анықталды. Осының негізінде түркі халықтарының мақал-мәтелдеріндегі туған жер бейнесі, туған жер ұғымын ашатын тілдік қолданыстар талданып қарастырылды.
Мақал-мәтелдерді ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында, қазақ мақал-мәтелдерін зерттеп, алғаш жинаған Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, М.-Ж.Көпеев, А.Байтұрсынов және орыс ғалымдары А.А.Васильев, Ф.Плотников, П.А. Мелоранский, В.В. Катаринский, В.Радлов және т.б. ғалымдардың еңбектері, ғылыми тұжырымдары методологиялық негіз ретінде назарға алынды.
Туған жер, атамекен, ел ұғымдары түркі халықтары үшін өте маңызды тағылымдық рөл атқарады. Туған жерін, атамекенін, елін құрметтеу, сүю – барлық халыққа тән қасиет. Сондықтан түркі халықтарында туған жер, отан, ел, ер, ауыл байланысты мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Адам өз туған жерінің табиғатына сүйсіне отырып, одан қорғаушысы ретінде ғана емес, отбасы, ата-анасы секілді ең басты категория ретінде қабылдайды. Оның құндылығын адамның ата-анасы, отбасы мүшелерімен салыстыра отырып сипаттайды. Түрікмен тілінде: Suw – atadyr, ýer – ene, қазақ тілінде: Су – әке, жер – ана, құмық тілінде: Ата юртун танымагъан атасын да танымас. Жоғарыда келтірілген мақал-мәтелдерден шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екені.
Жұмыс «Туған жер» концептісінің мақал-мәтелдерде көрініс табатын ерекшелігімен және мақалдардың мағынасы «Туған жер» концептісін айқындаумен тереңдеп көрінетін қасиетімен құнды. Осы екі жақты процесс зерттеу еңбектің негізгі ғылыми ұстанымы болып табылады.
Жұмыс қорытындыларын гуманитарлық бағытта білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.