КОГНИТИВТІ - ДИСКУРСИВТІ ТӘСІЛДІҢ КӨМЕГІМЕН СИНХРОНДЫ АУДАРМАДА ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Мизамхан Б. KazUIR&WL
  • Жамбыл Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.016

Кілт сөздер:

фрейм теориясы, трансформациялар, когнитивтік кеңістік, ментальды қабылдау, ситуациялық аспект, лингвистикалық аспект, экстралингвистикалық фактор, психологиялық фактор

Аннотация

Ғалымдар ақпараттың когнитивтік деңгейде берілу механизмдерін, әсіресе оның бір тілден екінші тілге жеткізілуін өте ұзақ уақыт бойы зерттеп келеді. Танымдық процестегі ең негізгі теориялар объектілерді қабылдауға және оларды категорияларға бөлуге арналды, олардың бірі “фрейм теориясы”. Аудармашы өзінің “менталды қабылдау қасиетіне” сүйене отырып, объектілерді санаттарға бөліп, оны өзінің когнитивті кеңістігінде сақтайды. Когнитивтік кеңістік аудармашының ақпаратты жеткізу үшін лексикалық трансформацияларды түрлерінің арасында таңдап алуына көмектеседі. Бұл мақалада когнитивтік процестер мен экономикалық дискурстың негізінде синхронды аудару кезінде қолданылған лексикалық трансформацияларға когнитивті процесстің тигізер әсері қолданды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы синхронды аудармада лексикалық түрлендірулерді қолдану процесінде когнитивтік шешім қабылдау механизмін зерттеумен анықталады. Зерттеу нәтижелерін аударма саласындағы кадрлар мен мамандарды даярлау үдерісінде пайдалануға болады, бұл оның тәжірибелік маңыздылығын көрсетеді. Негізгі әдістер – лексикалық түрлендірулерді қолдану  үдерісіндегі когнитивтік механизмдерді қарастыру және талдау. Нәтижелер бойынша аудармашы трансформацияны таңдағанда талдаудың 4 түрінен өтіп, аударма процесінде 3 контекстке сүйенетінін анықталды. Нәтижелер бойынша шолу мен талдау жүргізілгеннен кейін когнитивті механизм негізінде барлық деңгейдегі мәтінге когнитивтік талдау жүргізудің кезеңдері мен стратегиялары анықталып, ұсынылды. Олар синхронды аудармашыларға лексикалық түрлендірулерді қолданудағы қиындықтарды болдырмауға және когнитивті шешім қабылдау процесін түсінуге көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи