ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ «БАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІ

Автор(лар)

  • А.Т Испандиярова Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • А. Әбсадық

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.73.33.007

Кілт сөздер:

халық лирикасы, тарихи жыр, когнитивті лингвистика, концепт, фрейм, тілдік бірліктер, дүниетаным, ұғым

Аннотация

Мақала қазақ халқының ұлттық дүниетанымы үшін маңызды ұғымдардың бірі – бақыт эмоционалдық концептісін талдауға арналған. Бұл мәселе ежелден бері философтар, психологтар, ақындарды қатты толғандырған тақырыптардың бірі болып табылады. Когнитивтік лингвистика ғылымының дамуымен аталмыш мәселені дүниенің тілдік бейнесінде қарастыруға мүмкіндік туып отыр. Бақыт сөзінің этимологиясы мен тарихын қарастыру осы сөздің мағынасы мен қазақ тіл мәдениетінің тарихындағы бақыт феномені туралы идеялар арасындағы байланысты байқауға мүмкіндік береді. Мақаламыздың басты мақсаты - қазақ халық лирикасы тіліндегі бақыт концептісінің көрінісін айқындау. Талдау нысанына Бабалар сөзі жинағына енген тарихи жырлар, қара өлеңдер алынды. Бақыт ұғымына қазақ тілінің түсіндірмелі сөздіктерінен түсініктемелер беріліп, мән-мағынасы ашылды.  Жұмысымызда алғаш рет қазақ халық лирикасындағы бақыт концептісінің танымдық сипаты айқындалып,  тілдік бірліктерге концептілік талдау жасалынды. Әрбір фреймнің мазмұнын ашып көрсететін ұғымдар жинақталды. Қазақ халқының болмысы мен менталитетін  танытатын фреймдер талданды.  Қазақ халық лирикасындағы бақыт концептісін қарастыру арқылы  когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика сияқты тіл білімінің жаңа бағыттарына  өз үлесімізді қосуға  тырыстық деген ойдамыз. Мақаладағы концептілік талдауларды қазақ фольклортануына қатысты арнайы семинарларда пайдалануға болады.

Мақала жазу барысында қазақ фольклоры  ұлттың өткені мен бүгінін сабақтастыратын халықтың бай мұрасы болып табылатынына көз жеткіздік. Себебі фольклорда ұлттың тарихы, тағдыры, тұрмыс-тіршілігімен қатар, болашаққа деген сенімі, арманы көрініс тапқан.  Ал фольклордың тілін талдау  қазіргі тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.  

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи