ЗАМАНАУИ ЖАРНАМА МӘТІНДЕР АУДАМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.61.2.019Кілт сөздер:
жарнама, жарнама тілі, аударма тәсілдері, адаптация, адекватты аудармаАннотация
Мақалада жарнаманың заманауи түрлері және оларды аудару кезінде туындайтын мәселелер, сондай-ақ жарнамалық мәтіндерді аударудың тиімді жолдары қарастырылған. Зерттеу барысында түпнұсқа жарнама мәтіндеріне және олардың аудармаларына лингвокогнитивті тұрғыдан салыстырмалы талдау жасалды. Зерттеу нысандары - сыртқы жарнама және теледидардағы орыс және қазақ тілдеріндегі жарнамалық мәтіндер. Зерттеу нәтижесінде аударманың тиімді әдістері мен салыстырмалы балама түрлері ұсынылды.