ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНДА ТАЛАС ТУДЫРАТЫН МӘТІНДЕР

Автор(лар)

  • С.Ж. Жанжигитов Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
  • Б. Абдуалиулы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0003-1481-8850

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.68.27.005

Кілт сөздер:

заң шығару техникасы, нормативтік-құқықтық акті, заң шығармашылығы, заң шығарушы, заң актісінің тілі, заңның стилі, заңи терминология, ғылыми концепция

Аннотация

Заң техникасының маңызды мәселелерінің бірі - заңнама тілі, қазіргі кезде маңызды орынға ие болып отырған заң терминологиясы. Ұлттық заңнамада заң терминологиясын қолдану және жетілдіру проблемасы бүгінгі күні әлемдік қауымдастыққа жеделдетіп қосылудың жаңа бағыты - латын тілі жазуына ауысу қажеттігіне байланысты өзекті бола түсуде.

Мақаланың жазылу мақсаты – заң мәтіндерінің орыс тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін зерттеу, аударманың теориялық мәселелерімен қатар құқықтық актілерді мемлекеттік тілге аударуда жол берілген кемшіліктерді айқындау болып табылады. Зерттеу жұмысын жазу барысында «конфликтогенді мәтін» ұғымының танымдық жүйесі қарастырылып,  «юрислингвистикалық»  бірліктердің  мазмұндық мәнін ашу арқылы заң саласындағы орны көрсетілді.

Осы мақаланың нысаны - заңнамалық актілерде пайдаланылатын заң терминологиясы проблемасын, сондай-ақ заң терминологиясына қойылатын талаптарды. Мақалада нормативтік құқықтық актілерде терминдердің дұрыс пайдаланылмауы олардың мәтіндерінің дәл болмауына және айқын болмауына және нормаларды әртүрлі талқылауға әкелетін себептердің бірі болып табылатындығы атап өтіледі. Бұл мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді.

Мақалада  бақылау  әдісі,  сипаттау  әдісі,  жүйелеу  әдісі, лингвостатистикалық және құрылымдық талдау әдістері қолданылды

Авторлар заң ұғымдарының мазмұны мен нысанына сәйкес емес заң терминдерін мысалға келтіре отырып, оларды жоюдың тәсілі - терминология талаптары мен тілдік норманы сақтау деп көрсетеді. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерден оларды жоюдың нәтижелі тәсілдері ретінде терминологиялық кемшіліктерді жою нысанда мониторинг жүргізу және нормативтік құқықтық актілер жобаларының теңтүпнұсқалығына лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде жою деп атап өтеді. Авторлар терминдерді талдау кезінде қойылатын талаптардың тізбесін көрсете отырып, мазмұнды дәл және дұрыс беруді қамтамасыз ету үшін оларды нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуде сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы.

Құқықтық терминологияның негізгі сипаттамалары сарапталып, жүйелік құрылымы зерттеліп, дәлелденді. Салалық терминологияны зерттеудің жүйелі тәсілі оқыту процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи