ДЖ. ОРУЭЛЛДЫҢ «1984» ЖӘНЕ В. СОРОКИННІҢ «ДЕНЬ ОПРИЧНИКА» ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НОВОЯЗ ТОТАЛИТАРИЗМНІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.021Кілт сөздер:
дистопия, Дж. Оруэлл, В. Сорокин, тоталитаризм, диктатура, Новояз, опричнина, антиутопияАннотация
Аңдатпа. Мақалада Дж. Оруэллдың "1984" және В. Сорокиннің "Дни опричника" (Опричниктің күні) (2006) антиутопиялық (дистопиялық) шығармалары қарастырылған. Новояз – бұл ағылшын социализмінің идеологиясының жұмысына арналған тіл. "День опричника" повесінде В.Сорокин орыс тілінің модификациясын көрсетеді. Кейіпкерлер көне орыс, қазіргі орыс және қытай тілдерін қолданады. Сорокиннің Новоязы шығармада тоталитарлық Ресейді бейнелеген, елдің күнделікті өміріне қытай тауарлары және сәйкесінше қытай тілі енген, мектептерде қытай тілін үйретеді. Мақаланың мақсаты – Дж. Оруэллдың "1984" және В. Сорокиннің "День опричника" шығармаларындағы тоталитаризмнің құралы саналатын новоязға салыстырмалы сараптама жасау. Зерттеу әдістері: салыстырмалы сараптама жасау. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары мен идеясы тілдің антиутопиялық шығармалардағы рөлін анықтау. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы антиутопиялық шығармалардың қазіргі уақытта өзектітілігінің артылып келе жатқанында, себебі тілдің манипуляция құралы ретінде қолдану көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде байқалады. Мақалаға утопиялық және антиутопиялық шығармалардағы тіл мен басқа да аспектілерді зерттеп жүрген В. Сергеев, Р. Блакар, Д. Ленски, Р. Сейферт және тағы да басқа зерттеушілердің жұмыстары методологиялық негіз ретінде алынған. Негізгі тұжырымдар, сараптама және қорытынды: антиутопия әлемінде тіл құрал ретінде сұмдық нәтижелерге әкеліп соқтырады. Дж. Оруэллдың "1984" романына арнап ойлап шығарған Новоязы, егер тілдің сөздік қорын қысқартып, тыйым салынған тақырыптарға тіпті ойлауды шектетіп, өткенді бұрмаласа, оның қалай жойылуын көрсететін анық мысал. Демек, тіл жоқ – халық жоқ, яғни ауызбіршілігі жоқ қоғамды билеу оңайға соғады. В. Сорокин өзіне қытай тілін қабылдап алып, дегенмен өткенді де жібермей отырған Ресейді қандай болашақ күтіп тұрғанын көрсетеді. Антиутопияларда диктаторлар Новоязды құрал ретінде қолданып, соның көмегімен халықты басқарады. Жұмыстың құндылығы: постмодернистік антиутопиялық шығармаларда пайда болатын мәселелер жан-жақты қарастыруды талап етеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – мақаланы антиутопиялық шығармаларды зерттеуге сілтеме ретінде қолдануға болады. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – Қазақстанда ресейлік антиутопиялық шығармалар енді ғана зерттеле бастады. Сондықтан классикалық және постмодернистік антиутопияны салыстырмалы сараптау келешек зерттеулерге жол ашады.