ДИСКУРСТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Наурызбайқызы Г. Актюбинский региональный университет им.К.Жубанова
  • Садирова К.Қ.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.010

Кілт сөздер:

антропоөзекті парадигма, дискурстық бірлік, концептуалды талдау, ұлттық дискурс, мәдениет, тілдік ұжым, когнитивтік бейне, концепт

Аннотация

Лингвистиканың антропоөзекті парадигма аясында қалыптасқан дискурсология бағытының қарастыратын негізгі мәселесі – дискурс. Дискурста ақпаратты ұсынудың түрлі стратегиялары ғана емес, шындықты когнитивті тұрғыдан бейнелеудің ұлттық ерекшелігі де көрініс табады. Соған сай ғылыми зерттеудің мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілді дискурстың ұлттық ерекшеліктерін бойтұмар, хан, байлық сөздері мен оларға қатысты мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін дискурстық бірлік сапасында салғастыра талдау арқылы анықтау. Негізгі бағыттары мен идеялары: қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында ұсынылған мәселеге қатысты еңбектерге ғылыми-теориялық шолу жасалып, зерттеу материалдарына концептуалды және дискурстық талдау жұмыстары жүргізілді.     

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы ұлттық дискурстың ерекшеліктерін нақты тұжырымдауымен анықталады: 1) ұлттық дискурста тіл арқылы халықтың ұлттық мінез-құлқы тілді игеруші тарапқа сіңіріледі; 2) ұлттық дискурста тілдік тұлға өз халқының қоғамдық санасы, өмір сүру салты, мораль мен құндылықтары, әлемді сезінуі мен қабылдауы арқылы қалыптасады; 3) ұлттық тіл жүйесі ұлттық мінез-құлықты айқындайтын дереккөз қызметін дискурста жүзеге асырады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі үш сөзді салғастыра әрі концептуалды талдаудың нақты үлгісінің ұсынылуымен, сол арқылы өзге де осындай бағыттағы жұмыста пайдалануға жарамдылығымен анықталады.

Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы. Зерттеу материалы сапасында алынған бойтұмар, хан, байлық сөздері мен оларға қатысты мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері когнитивтік және лингвомәдени аспектіде зерттелді. Аталған бірліктердің түсіндірме, синонимдік, фразеологиялық сөздіктерде тіркелген мағыналары мен  олардың ақпараттық мазмұны мен когнитивтік бейнесі сабақтастықта, концептуалды және дискурстық талдау әдісін қолдана отырып зерделенді.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары: әр тілдегі бір лексикалық бірліктің астарында оның тарихы мен мәдениетінің қойнауында туындайтын әртүрлі ұғымдар сақталған. Дискурстың ұлттық ерекшеліктерінің дамуына мәдени, лингвомәдени, тарихи, психологиялық, әлеуметтік факторлар тікелей әсер етеді. Талдау нәтижесі дискурстың ұлттық ерекшеліктерінің тікелей көрінуіне тіл және сол тілді сөйлеуші мәдениеттің шешуші қызмет атқаратындығын көрсетті.

Зерттеудің құндылығы дискурсты когнитивтік және лингвомәдени аспектіде, әрі қазақ, орыс, ағылшын тіл бірліктерін салғастыра талдау арқылы зерттеу дискурсологияның теориялық тұжырымдарын толықтырады, жетілдіреді. Жұмыс қорытындысын дискурсты когнитивті және лингвомәдени, салғастыра зерттеу мақсатындағы өзге де зерттеулерге пайдалануға болатындығы практикалық маңызын айқындайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи