АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЛАНДШАФТЫНА ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.83.55.020Кілт сөздер:
лингвистикалық ландшафт, тілдік белгілер, көптілділік, үштілді мектептер, тіл саясаты, үштілді білім беру, тіл идеологиясы, тіл функцияларыАннотация
Бірқатар саяси бағдарламалық құжаттарда алға қойылған үш тілде білім беруді дамыту жобасы Қазақстан тіл саясатының негізгі бір бөлігіне айналды. Жоба жүзеге асырылатын басты ошақ- мектептердің лингвистикалық ландшафтын зерттеу үштілділік тәжірибелерінің қалай көрініс тауып отырғанын түсінумен қатар, елдегі де-юре тіл саясатын іс жүзіндегі тіл қолданысымен салыстыруға мүмкіндік береді. Аталмыш зерттеудің негізгі мақсаты үштілділік саясаты пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытатын Астана қаласындағы үштілді мектептің лингвистикалық ландшафтында қалай көрініс тапқанын анықтау болды. Зерттеуде мектеп дәліздеріндегі белгілер келесі критерийлер бойынша сандық әдіспен талданды: (а) белгілердегі тілдердің саны, (б) белгілерде тілдердің кездесуі немесе кездеспеуі, (в) белгілердегі тілдердің реті мен өлшемі, (d) жоғарыдан төменге қарай ұсынылған белгілер және төменнен жоғарыға қарай ұсынылған белгілер (д) белгілердің функциялары. Мектептегі маңдайшалар мен белгілерді талдау маңдайшалар мен белгілерде қазақ, орыс және ағылшын тілдері әрдайым бірдей мөлшерде кездесіп бір қызмет атқара бермейтінін айқындады. Соның ішінде, зерттеу нәтижесі орыс тілінің мектеп белгілерінде басым кездесіп мектеп мәнмәтінінде негізгі ақпараттық функция атқаратынын көрсетті. Ресми мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі репрезентативті белгілерде кеңінен қолданылғанымен, маңызды «менің айтқанымды орында» мағынасында реттеуші функция атқаратын белгілерде сирек кездеседі. Қазақ тілінде оқушылар шығарған белгілердің болмауы қазақ тілінің мемлекеттік тіл саясаты аясында репрезентативті белгілер арқылы насихатталып жатқанымен, мектеп қауымдастығынан (мектеп оқушылары мен реттеуші белгілерді жасап ілуге жауапты қызметкерлер) аз қолдау тауып отырғанын көрсетеді. Ал студенттер жасаған плакаттарда ағылшын тілінің басым болуын оның жастар арасындағы салыстырмалы беделі мен қоғамдағы кең тараған ағылшын тілін білу табыс пен және әлеуметтік мобильділікпен байланыстыратын түсінікпен түсіндіруге болады. Аталмыш зерттеу де-юре тіл саясатының мектеп белгілері арқылы тілдің іс жүзінде қолдануында қалай көрініс табатынын көрсетіп, мектептердегі тілдік ландшафты зерттеу туралы әдебиеттердің өсіп келе жатқан жиынтығын толықтырады.