АУДИОВИЗУАЛДЫ АУДАРМАДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ КЕДЕРГІЛЕР («ТАҚТАР ТАЛАСЫ» ТЕЛЕХИКАЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.46.23.017Кілт сөздер:
аудиовизуалды аударма, дубляж, субтитрлеу, кадр сыртынан түсінік беру, лингвомәдени кедергі, ұлттық-мәдени бірлік, лингвомәдени бейімделу, фэнтези жанры.Аннотация
Мақала аудиовизуалды аударманың негізгі түрлерін және аудиовизуалды материалдарды ағылшын тілінен орыс тіліне аудару кезінде туындайтын лингвомәдени кедергілерді зерттеуге арналған. Зерттеу мақсаты – танымал америкалық «Тақтар таласы» атты телехикаяны ағылшын тілінен орыс тіліне аудару барысындағы лингвомәдени ауытқудың сипаты мен себептерін анықтау.
Зерттеу мақсатына жету үшін аудиовизуалды материалдарды ағылшын тілінен орыс тіліне аудару кезінде туындайтын лингвомәдени кедергілерді талдауда кешенді тәсіл қолданылған. Зерттеу барысында аталмыш телехикаяда кездесетін ұлттық-мәдени бірліктерді анықтау үшін сипаттамалық әдіс қолданылған. «Тақтар таласы» телехикаясы және оның «LostFilm» және «Fox» атты аударма студиялары орыс тіліне жасаған аудармасына салыстырмалы талдау жүргізіп, лингвомәдени айырмашылықтардың табиғаты мен себептері анықталған. Жоғарыда аталған зерттеу әдістерімен қатар қазіргі мәдениеттің бір бөлігі ретінде аудиовизуалды аударма тұжырымдамасын зерттеу үшін когнитивті тәсіл қолданылған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: «Тақтар таласы» атты телехикаяны ағылшын тілінен орыс тіліне аудару барысындағы лингвомәдени ауытқудың сипаты мен себептерін анықтай отырып, аудиовизуалды аударманың жалпы сапасын жақсартуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Әртүрлі елдердегі шетелдік фильмдерді аудару дәстүрлерін салыстыра отырып, авторлар аудиовизуалды аударманың негізгі әдістері дубляж, субтитрлеу және кадр сыртынан түсінік беру екенін анықтай алды. Көптеген Еуропа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, аудиовизуалды аударманың ең қолайлы түрі дубляж болып табылады, алайда оның қымбаттығы мен күрделілігіне байланысты оны тек ірі кәсіби аударма студиялары ғана орындай алады, ал әуесқой студиялар көбінесе кадр сыртынан түсінік беру немесе субтитр арқылы аударуды жүзеге асырады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аудиовизуалды аударма барысында лингвомәдени кедергілерді сәтті еңсеру аудармашыдан оңтайлы аударма стратегиясын және түпнұсқа фильмнің ұлттық-мәдени бірліктерін аударудың қолайлы әдісін таңдауды талап етеді.