КОГНИТИВТІ ДИССОНАНС ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МЕДИАДИСКУРСЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ

Автор(лар)

  • А. К. Оспанова КазУМОиМЯ им. Абылай хана
  • Т. В. Шевякова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.16.88.010

Кілт сөздер:

когнитивтік диссонанс, үйлеспеушілік, жайсыздық, үйлесім, медиадискурс, маркер, комментарий, ақпарат алушы

Аннотация

Бұл мақала когнитивтік диссонанс анықтамасын және осы құбылысты көрсететін ағылшын тіліндегі медиадискурстың тілдік белгілерін бөліп шығаруға арналған. Мақалада психологияда, әлеуметтануда, лингвистикада, аударматануда, мәдениетаралық коммуникацияда қолданылатын когнитивті диссонанс құбылысына анықтамалар берілген. Когнитивті диссонанс теориясын зерттеумен айналысатын зерттеушілердің еңбектері қарастырылған. Сондай-ақ когнитивті диссонанстың анықтамасын шығарып алуға әрекет жасалынды. Жұмыста медиадискурстың анықтамасы берілген. Медиадискурс негізінде когнитивті диссонанстың пайда болу жағдайлары қарастырылған. Когнитивті диссонанс пайда болу жағдайларына әртүрлі мысалдар және де қолданылған тілдік бірліктерге (маркерлерге) талдау жасалынды.

Адамның медиадискурс арқылы алған ақпараты психологиялық диссонанстың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл жаңа ақпарат оның білім жүйесіне сәйкес келмейтін (немесе толығымен қайшы келетін) жағдай. Жағымсыз күйден құтылу үшін адам осы құбылыс (немесе оқиға) туралы өз идеясын немесе мінез-құлқын өзгертеді. Ол өзінің танымдық жүйесінің ішкі тепе-теңдігіне ұмтылады. Яғни, когнитивтік диссонанс жағдайы жағымсыз болғандықтан, адам үндестік күйіне оралуға ынталандырады. Зерттеу процесінде келесі әдістер қолданылды: дискурстық талдау әдісі, контекстік талдау әдісі, концепциялық талдау, функционалдық-стилистикалық талдау әдісі.

Біздің міндетіміз - бұл құбылысты түсіндіру және когнитивті диссонанс пайда болуын ескертетін және/немесе одан құтылу әрекетін көрсететін медиадискурстағы тілдік белгілерін анықтау. Бұл мақсатты орындалу үшін біз экстралингвистикалық және лингвистикалық критерийлерді әзірледік. Медиадискурстағы мысалдарды қарастыру реципиенттер санасында туындаған диссонанстың бар екенін дәлелдейді. Жүргізілген зерттеулер осы бағыттағы әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи