АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ДИСКУРС

Автор(лар)

  • А.Н. Жуматаева ИЛИ имени М.О. Ауэзова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.029

Кілт сөздер:

Абай, поэзия, гендер, дискурс, феминистік теория, маскулиндік сипат, жыныс, концепт

Аннотация

Мақалада гендер категориясы әдебиеттану ғылымы тұрғысынан сараланады. Дербес теориялық пән сөзіне айналған, ғылыми метатілі қалыптасқан гендер ұғымына тән басты тұжырымдамалардың көркемдік парадигмасы ұлы ақын Абай шығармалары аясында қарастырылады. Сонымен бірге гендерлік зерттеулерде жиі қайталанатын жыныс пен гендер арасындағы терминологиялық айырмашылық ғылыми түрде айқындалып, феминистік және маскулиндік көзқарастарды құрайтын факторлар әдеби тұрғыда зерделенеді. Абайдың көркем мәтініндегі әйел мен еркектің гендерлік бейнесін ашатын әдеби-мәдени құбылыстардың лингвистикалық, поэтикалық сипаты талданады. Автор интерпретациясы Абай поэзиясындағы ер мен әйелдің әлеуметтік мәртебесін, мінез-құлық нормаларындағы гендерлектілік атаулардың мәнін ашады.

Өзге салаларда біршама жүйелі зерттелген гендерлік мәселелер ұлттық әдебиеттану ғылымында мүлде қалам ұшына ілікпеген деуге болады. Сол сияқты қазақ халқының асқан кемеңгері Абай шығармашылығы да осыған дейін әр қырынан қарастырылғанымен, ақынның әдеби мұралары көркем гендерологиялық қырынан зерттелмеген. Сондықтан да гендерлік поэтиканы Абай лирикасы негізінде қарастыра отырып, гендерология ғылымының көркемдік жүйесін айқындау, ойшыл ақынның шығармашылық концепциясын заманауи жаңаша көзқарасқа сай интерпретациялау аталмыш мақаланың негізгі мақсатының бірі болып табылады. Абай шығармаларындағы ер мен әйел бейнелерін гендерлік ұстаным тұрғысынан зерделеу және олардың стеоротиптік қасиеттерінің әдеби сипаттарын ашу мақаланың өзектілігін айғақтайды.

Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы мұндағы айтылған ғылыми ойлар мен анықтамалар, алынған қорытындылар арқылы әдеби санада гендерлік поэтика туралы түсініктің қалыптасуына айрықша ықпал етуімен айқындалады. Сондай-ақ, іргелі абайтану ғылымында мүлде сөз болмаған Абайдың көркемдік әлеміндегі гендерлік ерекшеліктердің алғаш рет әйел бейнесі мен еркек болмысы негізінде жан-жақты зерттелуі ақын дүниетанымын және заман шындығын терең түсінуге мүмкіндік береді. Мақала белгілі деңгейде әдебиеттанушы, абайтанушы ғалымдардың ғылыми қажеттілігін қанағаттандырады.

Хакім Абай поэзиясындағы гендерлік дискурсты түсіндіруде әдеби интерпретациялық, контекстік, гендерлектілік лексемалардың мағыналық құрылымын айқындайтын концептуалды талдаулар қолданылды.

Зерттеу құндылығы Абай шығармашылығындағы әйелдер мен ер адамдардың гендерлік мәртебесін мейлінше терең қарастыруымен және әдеби кеңістіктегі гендерлік поэтика туралы теориялық білімді жетілдіруге ықпал етуімен түсіндіріледі.

Зерттеу қорытындысының интеграциялық білімге сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында гендерлік мәселелерді талдауда және бірқатар курстар мен семинарларда көркем мәтінді гендерологиялық тұрғыда түсіндіруде практикалық маңызы айрықша болып саналады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи