ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «БІР ШОҚ ЖИДЕ» ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МҰРАТ

Автор(лар)

  • А.М. Нурлыбаева Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • С. Асылбекулы
  • Л. Хамимульдинова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.55.42.025

Кілт сөздер:

ұлттық құндылық, мәдени код, дәстүр, этнографиялық үрдіс, ұлттық мұрат, ұрпақ сабақтастығы, ұлттық таным, пайым

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – жазушы Кекілбаев прозасы әрбір ұлтқа қатысты бағамдалатын ұлттық рух, мінез, болмыс, ғұрыптық мәдениеті сынды құндылықтарға жауап бере алатын мұра екенін дәйектеу. Осы аталған құндылықтарды автор шығармасының тақырыбы мен идеясы, мазмұн мен пішін бірлігінен ғана емес, жекелеген кейіпкерлері, олардың ішкі әлемі, іс-әрекеті, ықылас-ниеті, ұрпақ алдындағы жауапкершілігі сынды өмірлік амалдары, ұстанған ғұрпы арқылы танып білеміз. Ата мен баланың, өткен мен бүгіннің арасындағы үзілмеген алтын арқауды жеке адамның тағдырымен байланыстыра отырып, тұтас әулетке дейінгі кеңістікті қамтыған.

Зерттеу нысанына алынған жазушы прозасында көрініс тапқан қазақ халқының бойына біткен ұлттық ерекшелігін ашып көрсету зерттеудің ғылыми құндылығын арттырады. Атап айтқанда, әрбір қазақтың өміріндегі басты құндылық саналатын ұрпақ сабақтастығы мәселесі, атадан балаға мирас боп келе жатқан жеті ата дәстүрі, ұлт менталитетіне ерекше тән бауырмалдық сынды асыл қасиеттерінің көркем шығармадағы көрінісі мәселесі сөз болады. Зерттеу пәні ретінде жазушының «Бір шоқ жиде» атты повесі алынған. Зерттеу барысында салыстырмалы, сипаттамалық, талдау әдісі қолданылған.

Мақала авторлары қазақ үшін қасиетті ұғым, түсініктерді, отбасылық, елдік қағидаларды жазушының көркем шығарма желісі арқылы жаңғыртуды, кейінгіге жеткізуді мақсат еткендігін, ізгі мұраттармен сабақтастыруды мұрат еткендігін салыстыру арқылы көрсетеді. Соның ішінде өмірден өткен адамның артында қалған қарызын кешіру немесе ет жақын адамының оны өз мойнына алуы сынды өзара сыйластыққа құрылған керемет бір салты талданып көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде қаламгердің ынты-шынтысымен, перзенттік махаббатпен сүйсіне суреттеген қазақтың құрбандық шалу, қол үздік, ерулік салты, балаға ат қою, оны қырқынан шығару, ер жеткенше жасалатын түрлі кәде-кәуметтерінің ұлттық, этнографиялық, ментальдік маңызын, мәнін саралап көрсетуге қол жеткізген. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығын көрсетеді.

Автор қазақ халқының ұрпақ жалғастығына, артында тұяқ қалдыруға ерекше мән беретін дәстүрді дәріптеумен шектелмей, сол дәстүрдің аясында атқарылар бірқатар салт, наным-сенімдер Тілеубек ақсақалдың драмасы шеңберінде нанымды берілгендігіне ерекше тоқталады. Зерттеу қорытындысында қазақ этномәдениетінің қалыптасу тарихындағы ұлттық құндылықтарымыздың орнын, мәнін түсінуде аталған көркем туындының маңызы зор екені байыпталады. Зерттеу нәтижелерін қазақ әдебиеті, мәдениеті мен этнографиясына қатысты ғылым саласында қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи