TRIPADVISOR САЙТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ ОНЛАЙН ПІКІРЛЕРДІҢ ВЕРБАЛДАНУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.009Кілт сөздер:
TripAdvisor, Қазақстан, трэвел блог, туристік дискурс, адресант, онлайн пікір, прагматикалық әлеует, пікірдің тілдік ерекшелігіАннотация
Бұл мақалада әлемдік туристік нарықта өз орнын тапқан белгілі TripAdvisor сайтында жарияланған Қазақстанға қатысты туристтердің онлайн пікірлері қарастырылады. TripAdvisor–американдық көптілді туристік веб-сайт. Аталмыш сайтта туристтер әлемнің кез келген еліне сапарларын жоспарлау мүмкіндігіне ие бола алады. Мақалада қарастырылатын туристер пікірінің лингвистикалық тұрғыдан талдануы, трэвел блог-дискурста қолданылатын тілдік құралдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Батыс мемлекеттері алғаш рет онлайн пікірлердің прагматикалық әлеуетін жиырма бірінші ғасырдың алғашқы онжылдығында зерттеуді қолға алса, отандық лингвистикада аталмыш сала жаңа болып табылады. Осыған орай елімізге келген туристердің TripAdvisor сайтында жарияланған онлайн пікірлері алғаш рет зерттеу нысанына айналып отыр. Мақала мақсаты- TripAdvisor сайтында қолданылатын онлайн пікірлердің адресаттарды иландыруға бағытталған іс-әрекеттері қандай лингвистикалық және экстралингвистикалық құралдар арқылы берілетінін анықтау болып табылады. Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: «трэвел блог», «TripAdvisor» ұғымына қатысты лингвистикалық, прагмалингвистикалық аспектілерді қарастырырып белгілерін анықтау және талдау, туристік мәтінді анықтау, көптілді туристік сайттың тілдік ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы туристік дискурстың жанры ретінде трэвел блог-дискурстың зерттеу аясын кеңейтеді. Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін туристік дискурс бойынша оқылатын лекциялар, кейстер дайындауға арналған материалдар ретінде пайдалануға болады.
Мақалада TripAdvisor сайтында жарияланған онлайн пікірлерге медиалингвистика тұрғысынан талдамалы шолу жасалды. Бұл зерттеудің әдіснамасын құрады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі: Tripadvisor сайтындағы оқырмандардың онлайн пікірлері трэвел блог-дискурсты ауқымды ақпараттардан тұратын, адресаттарды сендіру, иландыра білу деңгейі жоғары, тиімді тілдік құралдар екендігін дәлелдеді.