ҚАЗІРГІ МЕДИАМӘТІНДЕГІ ЭВФЕМИЗМ МЕН ДИСФЕМИЗМНІҢ ЖҰМСАЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • К.С. Кобландина КазНПУ имени Абая
  • Қ.Ө. Есенова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.010

Кілт сөздер:

медиамәтін, перифраза, эвфемия, дисфемия, тілдік құбылыс, ақпаратты бұрмалау, оң, теріс мәнді, бағалау

Аннотация

ХХІ ғасырда орын алған ақпараттық төңкеріс қоғам өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Әсіресе саясат пен экономикада, әлеуметтік салада болып жатқан алуан түрлі оқиғаларға назар аудармау мүмкін емес. Адамзаттың цифрлы ақпараттық медиа- кеңістікке көшуі сөйлеу тәжірибесі мен оны зерттеуге деген көзқарастардың да жылдам өзгеретінін көрсетті. Ал қаламгерлер қауымы, жорналшылар өткен әрбір күннің сенімді, толық және өзекті ақпараттық бейнесін қалыптастыруда үнемі алдыңғы қатарда болатыны белгілі. Сондықтан күнделікті қарым-қатынаста тіл қаншалықты маңызды болса, ол арқылы жеткізілетін ақпараттың барынша шынайы және оқырманға, тыңдарманға түсінікті болуы да соншалықты өзекті.

Жалпы журналистердің әлеуметтік маңызы бар ақпаратты жедел жеткізіп қана қоймай, оны объективті түрде түсіндіру, саралау, өзіндік пікірін білдіру, барынша ауқымды шолу жасау міндетін нәтижелі орындауына көмектесу бүгінгі таңда ерекше маңызды болып отыр. Бұл жерде ақпараттық технология өте қажет. Дегенмен, бүгінде өзін қоғамның саналы, зиялы әрі белсенді мүшесімін деп санайтын әрбір адамның (блогерлер, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды белсенді пайдаланушылар) кез келген ақпаратты бұрмалаудан аулақ болғаны жөн.

Зерттеу материалын жинау барысында жаппай іріктеу әдісі, БАҚ-тан алынған мәтіндерді интерпретациялау, сөздік анықтамаларын талдау, тілдік құбылыстарды бақылауды қамтитын кешенді сипаттамалы-аналитикалық әдіс қолданылады.

Зерттеудің ғылыми және практикалық құндылығы оның нәтижесінде жасалған тұжырымдарды қолданбалы мақсатта, яғни медиалингвистика, лингвосаясаттану бойынша өткізілетін дәрістерде, стилистика мен мәтін лингвистикасынан жүргізілетін практикалық сабақтарда, арнайы курстарда, сондай-ақ оқу құралдарын құрастыруда пайдалануға болады.

Сонымен мәтінде эвфемизм, дисфемизм қызметін атқаратын тілдік бірліктің семантикалық шеңберін қарастыру арқылы сөздің жағымды яки жағымсыз әсері эвфемизм, дисфемизм мен денотат арасындағы ассоциативті сабақтастыққа негізделетіні айқындалды. Эвфемизм мен дисфемизмге мәнмәтіндік талдау жасау арқылы олардың саяси мәтіндегі прагматикалық әлеуеті оқырманның көзқарасын, пікірін, тіпті іс-әрекеті мен сенімін өзгертуге бағытталатынын байқатты, осылайша эвфемизм мен дисфемизм қоғам өмірінің саясат саласына қатысты маңызды қызмет атқаратыны айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи