МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ, НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

Автор(лар)

  • А.С. Оразбаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.79.69.009

Кілт сөздер:

мәдениетаралық қатысым, мәдениетаралық құзіреттілік, вербалды коммуникация, бейвербалды коммуникация, мәнмәтін, мәдени таңбаланған тілдік бірліктер, дене қимылы, ым-ишара

Аннотация

Ұсынылып отырған мақала қазіргі таңда адам өмірінің қажетті әрі маңызды алғышартына айналып отырған, тіл үйренуде, түрлі мәдениеттермен байланысқа түскенде бетпе-бет келетін ұғым мәдениетаралық қатысым, оның түрлерін, сипатын қарастырып талдайды. Мәдениетаралық қатысым немесе коммуникация, оның негізгі екі түрі вербалды және бейвербалды коммуникация сипаты, ерекшеліктері, айырмашылықтары, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты осы саланың өзекті мәселелерін қарастырады. Аталмыш тақырып аясында көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жасалып жүр. Біздіңде сол салаға үлес қосып, зерттеуді практикалық жақтан зерделеп, қарапайым тілмен ғылыми ұғымдарды суреттеп көрсету. Мақаланы жариялау мақсаты – шет тілдік мамандықтарда мамандар даярлауда тиімді мәдениетаралық қатысым жасау үшін ескерілуі тиіс маңызды белгілер, сипаттар, алғышарттарды талқылап, ара жігін ашып, осы коммуникация түрін тиімді қолдана білу үшін кеңестер ұсыну. Мақалада мәдениетаралық құзіреттілік, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік сияқты терминдер қарастырылады, мәдениетаралық қатысымның негізгі екі түрі ретінде қарастырылатын вербалды және бейвербалды коммуникацияларды қалай бір-бірінен ажыратамыз, олардың қайсысы коммуникацияның тиімді болуына ықпалы зор екенін ашуға тырысамыз.

Мақалада берілген зерттеу нысанын талдау барысында суреттеу, жүйелеу, салғастыру және салыстыру, сұрыптау, жинақтау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің әдіснамасы мәдениетаралық қатысым теориясын зерттеген ғалымдар мен еңбектерді аналитикалық тұрғыдан шолу жасауға негізделген. Мақалада қарастырылып отырған тақырып, зерттеу нысаны теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, оның себебі мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасы, мәдениетаралық қатысым негіздері пәндерін оқып үйренгенде студенттерге, білім алушыларға осы тақырып аясында нақты әрі түсінікті көмекші құрал болмақ.

Мақалада мәдениетаралық қатысым, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік, вербалды және бейвербалды коммуникация терминдеріне анықтама беріліп, олардың негізгі сипаттамалары, тиімділік дәрежесі анықталды, бұл өз кезегінде жұмыстың нәтижесі болып саналады. Коммуникация барысында вербалды және бейвербалды коммуникация түрінің қайсысы тиімді екені коммуникация сипатына, ресми немесе бейресми болғандығына, ақпарат берушінің ойы, жоспары, ниетіне байланысты, коммуникант қай коммуникация түрін таңдайтынына байланысты болатындығы жайлы практикалық кеңестер берілді. Мақалада талданған тақырыпқа сай ұғымдар студенттерге, магистранттарға мәдениетаралық қатысым теориясы мен практикасын оңай меңгеруге, семинар сабақтарында тақырыпты ашуға, коммуникация түрлерінің айырмашылықтарын сезінуге, екі коммуникацияның негізін айқындауға көмек қолын ұсынатын құнды жұмыс.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи