М.М. КОПЫЛЕНКО МЕН Л.А.ШЕЙМАННЫҢ ХАТ АЛМАСУЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.010Кілт сөздер:
орыстану көрнектілері, достық, білім, кәсіпқойлар, орыс тілін үйренушілер, ақ көңіл, аяулы ұстаз, ғылымды дамытуАннотация
Мақала орыстану ғылымының көрнекті қайраткерлері, орыс тілінің тамаша білгірлері, лайықты шәкірттер тәрбиелеген ұстаздар, профессорлар Лев Аврумович Шейман (Қырғызстан) мен Моисей Михайлович Копыленко (Қазақстан) жайында.
Ғалымдар ғылымның дамуын жаңа деңгейге көтере білді. Л.А. Шейман-Қырғызстанда А.С.Пушкиннің шығармашылығын зерттеуде көп еңбек сіңірген, ақын шығармашылығы арналған мақалалардың авторы. Сонымен қатар, «Пушкин әлеміндегі қырғыздар, қазақтар және басқа да шығыс халықтары. Очерктер» кітабының авторларының бірі болып табылады (Ғ. У. Соронқұловпен бірлесіп жазған) [1]. Л.А.Шейман елу бір жыл басқарған «Қырғыз мектебінде орыс тілі мен әдебиеті» журналының авторы және редакторы. Профессор М.М. Копыленко – көрнекті ғалым, жалпы және орыс тіл білімінің, салыстырмалы тіл білімінің, фразеологияның дамуының маманы. Ғылыми ортада тілдерді (ежелгі грек және латын) оқытуды ұйымдастырған, классикалық тілдерді қоса алғанда, ондаған тілде сөйлейтін полиглот, және Қазақстанда ғылыми журналдар шығаруға да бастамашы болған жан. «Жолды жүретін адам игереді» - М.М. Копыленко әріптестері мен шәкірттері үшін жол көрсетуші «шам» болды.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы орыс тіл білімінің тарихына, тіл біліміндегі тұлғалардың рөлі туралы мәселелердің дамуына белгілі бір үлес қосуында. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – зерттеу қорытындыларын тіл білімі тарихы курсын оқытуда, орыс тіл білімінің тарихы бойынша әртүрлі арнайы курстар мен семинарларда, ұлы филологтарға арналған анықтамалықтар мен энциклопедияларды жасауда және т.б. пайдалануға болады.
Жұмыста негізінен сипаттау әдісі, сондай-ақ бақылау, талдау және синтез әдістері қолданылды.